jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Уильям ханзада танымал телешоуда Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтті (видео)

    Уильям ханзада
    Уильям ханзада. Фото: Aaron Chown / POOL / AFP via Getty Images

    Британия ханзадасы Уильям танымал телешоуға қатысып, Қазақстан және оның сайғақтар популяциясын қалпына келтіру жобасы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне сілтеме жасап.

    Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында ВВС телеарнасындағы The Graham Norton Show-дан үзінді жариялады. Онда Уильям ханзада Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтіп, киік санының қайта өсуіне мемлекеттік қолдаудың ықпал еткенін айтты.

    "Бұрын киіктер жойылып кету алдында тұрған еді, ал енді олардың саны қайтадан орасан зор көрсеткішке жетті. Мұның бәрі Қазақстан үкіметі киіктердің ел үшін және табиғатты сақтау үшін қаншалықты маңызды екенін түсінгенінің арқасында. Және билік оны қорғауға жан-жақты қолдау көрсетті", - деді принц Уильям.

    Еске сала кетейік, 2023 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағы киіктердің жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатпайтынын мәлімдеді. Бұл Қазақстандағы киік санының айтарлықтай өсуіне байланысты.

    Содан кейін киіктерді қорғау және есепке алу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік бергені хабарланды – 2003 жылғы 21 мың бас 2023 жылы 1 млн 915 мың басқа жетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram