"Кездесуді асыға күтемін": Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың хабарлауынша, Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті.
"Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін", - деп жазды Дональд Трамп.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2448290-kezdesudi-asyga-kutemin-tramp-toqaevqa-zhedelhat-zholdady/