jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бәрімізге пайдасын тигізер еді": Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына шақыруды ұсынды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен байланысты кеңейту қажеттігін айтып, бұл елдің ұйымға қатысуы барлық тарапқа не себепті тиімді екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықты нығайту жолында "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын қолданудың маңызы зор екеніне мән берді.

    "Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді.

    Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі таңда Ресей "Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес.

    Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді", - деді мемлекет басшысы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram