Тоқаев Илияна Йотованы Болгария президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз", - делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2451531-toqaev-iliiana-iotovany-bolgariia-prezidenti-lauazymyna-sailanuymen-quttyqtady/