5 қарашада Қазақстанға екі мәртебелі мейман келеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Иордания королі мен Тәжікстан президенті келеді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, ертең Қазақстанға Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Мәртебелі меймандарды елімізге президент Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған. Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанда 5-6 қараша аралығында сапармен болады.
"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады", - делінген хабарламада.
Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары 5-7 қараша күндеріне жоспарланған.
"Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады", - делінген хабарламада.
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2452172-zhaqyn-kunderi-qazaqstanga-eki-martebeli-meiman-resmi-saparmen-keledi/