jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Әзербайжан президентін Жеңіс күнімен құттықтады

    Тоқаев Ильхам Әлиевке жеделхат жолдады
    Тоқаев Ильхам Әлиевке жеделхат жолдады. Коллаж: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президент айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екеніне тоқталып, өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

    Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram