jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Түркиядағы зауытта болған жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы металлургиялық зауытта болған жарылысқа байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

    Мемлекет басшысы бауырлас Түркия халқына көңіл айта отырып, жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

    Түркияның Измир провинциясындағы HABAŞ металлургия зауытында болған жарылысқа байланысты алты күдікті ұсталғанын, қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.

    EKOTÜRK мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қарашада Алиага ауданындағы зауытта жоспарлы жөндеу кезінде болды. Жарылыс соңы өртке ұласып, бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер жедел жеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram