Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина журналистердің сұрақтарына шамданды (видео)

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Photo by Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина журналистердің сұрақтарына шамданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілішсі хабарлайды.

Рыбакина "Ролан Гаррос" жарысының алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 85-орында тұрған бельгиялық теннисші Гретье Минненмен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Матчтан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер теннисшіден оның денсаулығы мен физикалық жағдайы туралы сұрады. Ал Рыбакина мұндай сұрақтарға бұрын да жауап бергенін айтты.

"Сол баяғы сұрақтар, сондықтан не дерімді білмеймін. Қарапайым сұрақтарға - қарапайым жауап. Тағы сауал бар ма?", - деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында әлемнің 50-ракеткасы, Нидерланд өкілі Аранча Руспен кездеседі.

Еске салайық, Елена Рыбакина сәуірде Штутгарттағы (Германия) турнирдің финалында украиналық Марта Костюкті жеңіп, биылғы үшінші титулына қол жеткізген еді.