jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Оралда АИТВ жұқтырғандар көбейген

    дәрігер және пациент
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: kazuma seki / Getty Images

    Оралда АИТВ жұқтырғандар көбейген. Жыл басынан бері 61 адамнан осы дерттің белгісі табылды. Бұл былтырғыдан 8 адамға көп, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Айықпас ауру жұқтырғандардың ішінде, тіпті зейнетке шыққан қариялар мен әскерилер де бар. Алыс ауылдардың тұрғындарынан да АИТВ анықталыпты.

    Олар көрсеткіштің көбеюін кеселді тексеру және анықтау жұмыстарының жолға қойылғанымен түсіндіреді. Науқастардың дені – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Аурудың инемен таралуы азайғанымен, жыныстық жолмен жұқтыру дерегі көбейген.

    "Қаншама түсініктеме жұмысы жүргізіліп жатыр, бірақ жастар соған қарамастан, бәрібір жұқтырады. Олармен әңгімелесіп сұраймыз: "АИТВ, ЖИТС туралы естіген шығарсың" десек, олар "естідік, жұғу жолдарын білеміз" дейді. "Сонда сіз неге осындай жағдаймен келдіңіз" дегенде, "ол жағдайға біз түспейміз деп ойлайдық" деп жауап береді", - дейді БҚО АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы директорының орынбасары Алмагүл Мантакова.

    Оралда АИТВ жұқтырғандар көбейген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.