Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали ту сыртынан сын айтқан Дастан Оразбековтің әрекетін ұят санады

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі «Сырласу» бағдарламасында әкесі Төреәлі Әлиханұлымен бірге қонақ болып, өзіне сын айтқан Дастан Оразбековке сұхбат барысында жауабын берді.

«Адам біреуге мін айту үшін алдымен өзінен іздеуі керек. Мен оны балағаттап, жамандайын деп жатқан жоқпын. Халық өзі бағасын береді. Шығарып жатқан әндеріміздің көбін өзіміздің жігіттер жазады» — деді Төреғалидің продюсері әрі әкесі Төреәлі.

«Менің бір түсінбейтінім, қазақтың жігіттері бір-біріне видео сәлемдеме жолдап отыратындай ұсақталып кеткені ме?» — деп кейіді Төреғали.

Ән қоржынындағы шетелдік туындылардың "ұрланғанына" қатысты ара-жігін ашып алғысы келген әнші репертуарындағы «Байқоңыр» мен «Төрешім» әндерінің әуені өзге елдікі екенін мойындады.

Төреғали Төреәлі «Орда» тобының стилі мен Ерболат Беделханның шығарып отырған тобына сын айтты.

«Ринат Зайытов та «Орда» тобы жайлы өз азаматтық пікірін айтып кетті. Ринат ағамның пікіріне мен де қосыламын. Ұрламаймыз ба? Онда стиль ұрлауды да қояйық. Онда түбегейлі Кореяға еліктемейік. Ашық әңгіме керек болса, жекпе-жек керек болатын болса, басқаша болсын!», - деді ашулы әнші.

Өз сөзінде Төреғали «Орданың» ізбасарлары Ninety one тобын «шайтанға» теңеді.

«Шайтан дегенді кішкентай кезімізден естіп келеміз. Солардың түрлері солардың жасаған топтарының кейпінен білінетін сияқты. Қызыл, жасыл, көк, о заманда бұ заман, еркек адам сырға таға ма? Бұтына тышып қойған адам құсап ауын салбыратып кие ме? Қазақтың өнеріне қандай пайда әкеліп жатыр солар?» — деп қынжылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, «Сырласу» бағдарламасында бір апта бұрын қонақ болған Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлі және тағы да басқа да өнерпаздарды плагиатшы деп сынаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1052359-toreghali-ozin-plagiatshy-dep-synaghan-d/

pixel