Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талай жұлдызды сырласуға тартқан Әйгерім Сейфолланың өзі халыққа сырын жайып салды

Опубликовано:

Ел алдында жүрген жұлдыздарды назарынан тыс қалдырмай «Сырласу» бағдарламасына шақырып жүрген Әйгерім Сейфолла көрермендердің өзі жайлы жазып жүрген ойларын жоққа шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бағдарлама жүргізушісі өзінің Instagram парақшасында ағынан жарылды.

«Айналайын менің достарым, оқырмандарым, кейінгі уақытта маған құтты болсын айтып хабарласушылар, сосын инста-парақшама «аман-есен жаныңыз қалсын, жүкті екенсіз, сізде ұл болады бұл жолы» деп тілек қалдырушылар көбейді. Рас, бір жылдың көлемінде салмақ қосып толыса бастадым. Бірақ мен, өкінішке қарай жүкті емеспін. Денсаулығымда бір кінәрат болғандықтан және гормондық өзгерістерге ұшырағандықтан 5-6 келі қостым. Сұңғақ бойлы болмағандықтан, қосқан салмақ бірден көзге көрінеді. Алла жазса, алдағы уақытта бәрі жақсы болады және қайта қалпыма келемін. Көңілдеріңізге рахмет!», - деп жазды Сейфолла.

Ал оқырмандары өз кезегінде «Толған сізге жақсы жарасады екен. Осылай әп-әдемісіз!», «Бастысы денсаулығыңыз мықты болғай» деген сияқты жылы лебіздерін білдірді.

Парақша оқырмандарымен сұхбат барысында Әйгерім өзінің екі қызы бар екенін айтты.

Тағы да оқыңыз:

"Асау жүрек" сериалы арқылы танылған түрік актері шаңырақ құрды (фото)

Басы дауға қалған Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралды

Қайрат Нұртас ұялы телефонының нөмірін неліктен жиі ауыстыратынын айтты

Айқын Төлепберген қызды болды

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1130495-talay-zhuldyzdy-syrlasugha-tartqan-ayg/

pixel