RU

Айқын Төлепберген қызды болды

Айқын Төлепберген қызды болды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«РАХМЕТ ЖАНЫМ!!! Қызды болдым. У меня родилась дочка. Только никому не говорите. Атын кім деп қойсам екен?», - деді Айқын Төлепберген.

Осылайша халықтың сүйкті әншісі өз тыңдармандарынан сүйінші сұрай отырып, қызына есім таңдауда көмектесуін сұраған. Қуанышты хабарға бей-жай қарамайтын оқырмандарынан бір күннің ішінде 4890 пікір жазылған.

Бірі шын жүректен құттықтауларын білдірсе, енді біреулері Еркеназ, Сезім, Әмина, Ясмин, Замина секілді қыз есімдерді ұсынған.

Әріптес достары да өз парақшаларында Айқынды қызды болуымен құттықтауда. Ал әнші Гүлнұр Оразымбетіова қыздың өзіне жұғысты болуын тілейді.

Атақты өнер иесінің қандай есім таңдағанын сұрап тілшіміз хабарласқан еді. Кішкентай ханшайымның әкесі әлі де ойлану үстінде екен.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінде басты рөлді әйелі сомдамақ

Алтынай Жорабаева неліктен ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды

Төреғали Төреәлі жеке концертіне Ерке Есмаханды шақырмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1128599-ayqyn-tolepbergen-qyzdy-boldy/