Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас ерекше құттықтаған бойжеткен белгілі меценаттың қызы болып шықты

Опубликовано:

Танымал әнші Қайрат Нұртас желіде туған күнімен құттықтап, ән арнаған бойжеткен Ләйлә Сұлтанқызының күйеуінің бірінші некедегі қызы болып шықты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Тамыздың 18-і күні танымал әнші Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасы арқылы Дамеля есімді бойжеткенді видоеқұттықтау арқылы құттықтаған болатын. Видео астында «Дәмиляжан, туған күнің құтты болсын! Ата-анаңа ұзақ ғұмыр тілеймін! Биіктен көріне бер. Қайрат Нұртас ағаңнан сәлем!» деп жазылған.

Оның бұл әрекеті желі қолданушылары арасында талқыға салынып, оқырмандар өзара бұл арудың кім екенін білмей дал болды.

Туған күн иесі туралы біраз ақпарат жинап, оның белгілі меценат, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті Қайрат Беркінбаевтың қызы екені белгілі болды.

Ғаламтордағы мәліметке сенсек, Дамеля - Қайрат Шералұлының жалғыз қызы. Беркінбаевтың одан өзге төрт ұлы бар. Кіші екі ұлы екінші некеден. Оның қазіргі таңдағы жары кім екені оқырмандарды қызықтырмай қоймайды. Ол - «Әйел бақыты» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы.

Қайрат Беркінбаев пен Ләйлә Сұлтанқызы - екеуі де Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Қайрат Шералыұлы депутаттыққа үміткер болып, Сұлтанқызымен жұмыс барысы бойынша араласып, кейін махаббат сезімі пайда болады.

Ол кезде Беркінбаев Оңтүстікке танымал кәсіпкер болатын. Отбасы, балалары да бар. Ауқатты азаматтың екінші жары болып тұрмысқа шыққан тележүргізуші Сағадат және Сардар есімді ұлдарды өмірге алып келді.

Сұлтанқызы тілшілерге берген бір сұхбатында жолдасы Қайраттың бірінші некедегі балалары және келіндерімен жақсы араласып тұратынын айтқан.

Айтпақшы, әнші Қайрат Нұртас туған күн иесін құттықтаған сәтте «Оқжетпес» сауқтыру кешенінде отбасымен бірге демалып жүрген. Неге екені белгісіз, арада бір апта өтер-өтпес бойжеткенге арнап жария еткен құттықтау видеосын өнер жұлдызы парақшасынан өшіріп тастады.

Тағы оқыңыздар:

Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіге алынып, сатылымға қойылды

Есіктегі топ болып зорлауға қатысы бар соңғы күдікті ұсталды

Ғани Қасымов қыздардан жүзін "иттің тұмсығына" айналдырмауды өтінді

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Шымкентте бала сатуды бизнеске айналдырған акушерлер сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1232252-qayrat-nurtas-erekshe-quttyqtaghan-boy/

pixel