Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеті ата туралы мәлімет жинайтын мобильді қосымша пайда болды

Опубликовано:

Бір топ бастамашыл жастар Zheti Ata деп аталатын жаңа мобильді қосымша жасап шығарды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір топ жас мамандар бірлесе отырып жасап шығарған бұл қосымшаның атауы «Жеті ата» деп аталғаны бекер емес. Қазақтардың жүзге, руға бөліну, сол арқылы жеті атаға дейінгі түп-тамырыңды білуі – еш халықта жоқ ерекшелік. Сондықтан, бұл жаңа қосымшаны ойлап табудағы басты мақсат – әлемдегі қазақтардың басын біріктіріп, олардың бірін-бірі тани түсуіне ықпал ету, араластыра отырып жақындастыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталған қосымша қазақстандық App Store қосымшалар дүкенінде қазір жүктеп алу жөнінен 1-орында тұр. Қосымша арқылы кез келген адам өз ата-бабасы туралы ақпараттар мен жазбаларды сақтай алады. Сонымен бірге, туысқандармен сөйлесуге арналған ортақ чат та қарасытырылған. Бастамашыл топтың жаңалығына жастар да, жасы 35-тен асқан адамдар да қызығушылығын танытып отыр.

Мәселен, бұл бастамаға қолдау білдіргендер қатарындағы Айжан Хамит өз Facebook на былай деп жазған:

«Еркебұлан Сапаров және оның командасы жаңа ZHetiata деп аталатын қосымша жасап шығарды. Оған өзіңнің жеті атаңды жазып, руластармен араласуыңа болады. Осылайша, туысқаныңа ғашық болып қалудан сақтанасың. Мен қосымшаны түрлендіру жөнінде өз алып-қосарымды айттым. Менде жетіп артылатын алыс туыстарымды кездестіргім келеді. Мәселен, жеті атаңды түгелімен жазасың, ал жүйе сенікіне келетін адамдарды көрсетіп береді. Алла қолдап, бұл команданың ойлағаны іске асса, қосымшаның жетілген түріне де көре жатармыз», - деді ол.

Қосымшаны жасаған жас мамандар: Асан Төлеуов, Дәмилә Жантаева, Бәтима Шағиева, Еркебұлан Сапаров.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1231577-qazaqstanda-zheti-ata-turaly-malimet-zh/

pixel