Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдегі қазақ қызы "бетіне ботокс толтырған" теледидардағы жұлдыздарды сынады

Опубликовано:

Шет елде тұратын қазақ қызы "еріндерін лифтингпен", "беттерін ботокспен" толтырған отандық телеарналардағы "жұлдыздарды" сынға алып, оларды журналистикадан кетіруге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Толқын есімді шетелде тұратын қазақ қызы өзінің желідегі парақшасына жазды.

Өзін журналист емеспін деп таныстырған бойжеткен қазақ телевидениесіндегі "ботокстар мен мегажұлдыз блогерлер" туралы сөз қозғады.

Оның айтуынша, мүсіні мен бет-әлпетінің сұлулығы үшін экраннан түспейтін әнші жұлдыздардан елдің бәрі шаршаған.

"Тіпті беттері ботокс-ботокс болып, беті мимикаға келмейтін мега супер келіншектер қазақ экранын басып алыпты. Жеке басына тиіспеймін, тек телевидениедегі жүргізу манерасына, шеберлігіне тоқталайын. Таңшолпан бағдарламасына әнші Гүлнұр Оразымбетова келді. Әншілігіне дауым жоқ. Бірақ беті, фигурасы әдемі болғаны үшін экраннан түспейді. Қонаққа даяр сұрақты әрең қояды екен, сұхбаттасушыны керемет диалогқа шақыра алмайды", - деді ол әнші Гүлнұр Оразымбетованың жүргізушілікке бет бұрғанын сынға алып.

Сонымен бірге, ол "р" әрпіне тілі келмейтін ақын Айнұр Тұрсынбаеваны да назардан тыс қалдырмады. Оның айтуынша, Айнұрға дефектологқа барған абзал.

"Біздің үйге кәсіби заңгер, білікті жүргізуші Әсел Акбароваға қабаттасып Айнұр Тұрсынбаева кепті. Хош сонымен, Айнұр Тұрсынбаева айтыскер екеніне дауласа алмаймын. Инстаграмда күнде ет асып, күнде көйлек ауыстырып, Жүрсін ағасын жағалап айтысын айтып жүре берсін. Тек журналистердің жұмысына жармаспасын. Эфир заңы деген бар. Халықты сыйласын, Р әрпіне тілі келмей мүкістенетін адамның күнде Хабарда қалың қауымға бағдарлама жүргізуі жақсы емес. Дефектолог ұстаздарға барсын. Бірақ бетім әдемі, белім қылдай деп, ботокс, лифтингмен толтырған денесі мен сұлулығын пайдаланып, ақылы көп болса да ажары кемшін боп тұрған журналистердің алдын орауы әбес. Эфирде ең бірінші қырық екі әріпті дұрыс айта алатын кәсіби журналист сөйлеуі керек", - деп қынжылды шетелдегі қандас.

Ол эфирде рейтингісі жоғары бағдарламалар халықтың санасына кері әсерін тигізіп, олардың интеллектуалды тұрғыдан дамуына кедергі болады деп санайтынын жеткізді.

"Бенефис шоудағы Қарақат пен Қыдырәлі, Қызықтаймс, Тойбастар, Біздің үй, Аша Матай мен Кешюдің қыздары "Сәлем Қазақстан" жүргізетін тағы басқа мыңдаған көңіл көтеретін бағдарламаларды да бұл тізімге қоса аламыз. Қазір эфир аузы ботокс, реклама котекс болып кетті. Кеше онлайн біраз програмдарды қарап қарным ашты әншілердің бағдарлама жүргізуіне. Осы кісілерге қарағанда филфак пен журфакты бітіргендер әлдеқашан артық. Сұрақты дұрыс қоя алып, өз мәтінін өзі жаза алады ғой. Ал экономикалық програмды экономист жүргізгенін, саяси програмдарды политологтар жүргізгеніне қарсы емеспін. Себебі экономика саласына, саяси мәселелерге машықталған журналист аз. Ал әншілердің кесірінен көп жас соларды сұлулықтың идеалы тұтып, неше түрлі пластикалық оталардың құрбаны болайын деп тұр", - деген ол жастар мұндай сұлулықты көріп, өздеріне көңілі толмауы да мүмкін екенін ескертті.

"Демократиялық Корея, Қазақстан теле арналары өңшең мисстерге толы. Қазақстан теле арналарында көбінде көңіл көтеруге арналған программалар толып тұр. Бұдан нені түсінуге болады.Адам көңілденген сайын ойланбайды. Өміріне шағымданбайды, экрандағы ырду-дырдуды көріп отырып. Яғни ойын сауық бағдарламалары арқылы халықтың көзі бітелуі де мүмкін", - деді ол.

"Сақауланбай, ерінді дүрдитіп, эротикалық кейіпкерлерге ұқсамай эфирді кәсіби журналистерге беріңіз. Әншілер, әнші келіншектер Инстаграмда көйлек көншек, турси-пурси мен пластикалық хирургияны, үлкен төс пен май көтенді фоллоуерлеріңізге жарнамалап отыра беріңіздер, бизнестеріңізді дамытып. Бірақ қазақ тілді бағдарламаларды жүргізбей-ақ қойыңыздаршы", -деп сұрады ол.

"Радиода жүрген даусын ғана еститін журналистерді де эфирден көргім келеді. Олардың алтын даусы қазақ эфирін жарқыратары сөзсіз", - деген ол назардан тыс қалып журналистерді де дәл осылай киіндіріп, бояндырса, олардан өткен сұлу болмасы анық дегенді айтты. Бірақ, кәсібилігі айтарлықтай жоғары болар еді деді.

Тағы да оқыңыздар:

Алты жасар қызды зорлаған күдікті бала кезінде өзі де зорлық көрген

Әлемдік басылым Баландин, Левит, Рыпакованы мұсылмандар қатарына қосып қойды

Қазақстан Ресеймен бірігіп жолаушылар ұшағын шығармақ

Головкиннің жаттықтырушысы оның жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Қызды құтқармақ болып арбаға таңылған қазақ жігіті өміріне мән сыйлаған жарына алғыс айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1277188-shet-elde-turatyn-qazaq-qyzy-betine-bot/

pixel