jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

    : UGC

    Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің күйеуі Жанболаттан таяқ жегенін жасырмай айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

    Ол бұл туралы 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

    Бағдарламада желі қолданушыларынан келген бірнеше сұрақ қойылды. Соның бірі күйеуінен таяқ жегені-жемегені туралы сұрақ болды.

    Бұл сұраққа Жазира еш тосылмастан: "Иә, таяқ жедім, бірақ көп емес", - деп өзінің Жанболаттан таяқ жегенін жасырмады.

    "Сонда сіз таяққа лайық болдыңыз ба?", - деген бағдарлама жүргізушісінің сұрағына да қымсынбастан өзінің кінәсінен екенін мойындады.

    "Қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім, тілімнен таптым. Қазір ажырасулар өте көп. Бір ұрғаны үшін құрбысына айтып, ол оған кеңес беріп, бір ұрған еркек ұра береді деп ажырасып жататындар өте көп. Отбасы болған соң бәрі болады ғой", - деген ол мұндай жайттарды кейінгі буын келіншектерге үлгі болу үшін айтып отырғанын айтады.

    "Таяққа көніп жүре беріңдер демеймін", -деген Жазира анда-санда күйеуінің қол көтергеніне отбасын бұзудың қажеті жоқ деп санайды.

    Сонымен бірге, ол Жанболаттың да мәңгі сүйіктісі болу-болмауы бір Алланың еншісінде дегенді айтты. Тоқал алуға қарсы болса да, ол бұл өмірде бәрі мүмкін екенін жеткізді.

    "Тоқал алуға келіскім келмейді. Қарсымын. Алладан тілейтінім ондай жағдайға жеткізбесе екен", - деді жан сырымен бөліскен әнші.

    Оның айтуынша, ондай ой екі ай бойы белгісіз аурумен ауырғаннан кейін келген екен.

    Тағы оқыңыздар:

    Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

    Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады

    Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді

    Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті

    Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?

    Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)

    Жазира Байырбекова күйеуінен таяқ жеген кездерін жасырмай айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.