Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара севда" сериалындағы ғашықтар өмірде араласпайтын болып шықты (фото)

Опубликовано:

Сериал сүйер қауым түрік, корей және отандық телехикаяларды жиі көреді.  Олардың ішінде оқырмандардың басым бөлігі «Kara Sevda» телехикаясын ерекше атапты деп жазады ikerim.kz сайты.

Көрерменге өткен жылы жол тартқан туындының мазмұны баршаға таныс болар. Басты рөлдегі ғашықтарды сомдайтын Туркияның танымал актерлері — Бурак Озчивит пен Неслихан Атагюль.

Бурак Озчивит-1984 жылы дүниеге келген. От тоғыз жасынан бастап сәнгер болған жігіт тек 2006 жылдан киноларға түсе бастаған. Бұл жігіттің сымбаттылығына тек түріктер ғана емес, басқа халықтар да сүйсіне қарайды. Оның қасында жүретін қыздар көп болғанымен, ақпараттарға сенсек, заңды жұбайы жоқ. Бірақ осы күні оны көпшілік Фахрийе Эвдженмен бірге дейді. Фахрийе де Туркиядағы сұранысқа ие актрисалардың бірі. Бірақ Бурактың бұған дейінгі махаббат дастанының кейіпкері Джейлан Чапа болатын. Олардың қатынастары аяқсыз қалған, бірақ сол оқиғадан кейін Джейлан Чапаның аяғы ауыр деген сыбыс тарады. Десе де сол жабулы қазанның қақпағы қайта ашылған жоқ.

Неслихан Атагюль қазір жарының тегімен «Догулу» болып жүр. Ол 1992 жылы Стамбулда дүниеге келген. Сәнгер, актриса және режиссер. Кинодағы алғашқы қадамы — «Алғашқы махаббат» фильміндегі Бахар есімді қыздың рөлі болатын. Ал біздің халқымызға Неслихан «Күзгі жапырақтар» телесериалындағы Дениздің бейнесімен жақсы таныс болса керек. Осы кезге дейін көптеген кинофестивальдердің жүлдесін иелеген сұлу өткен жылы саусағына неке жүзігін таққан болатын. Ол жары Кадир Догулумен 2013 жылдан бері кездесіп жүрген.

Сериалда бір-біріне ынтық жандардың рөлін боямасыз бейнелеген Бурак пен Неслиханның сериалдағы бейнесі халыққа жақын болып кетті. Олардың арасынан қыл өтпестей ғашық жандар екеніне көрермен телехикая арқылы сенді. Дегенмен соңғы кезде екеуінің арасында кикілжің болды деген әңгіме желдей есіп кеткен. Оған себеп Бурактың «сүйіктісінің» өмірдегі тойына бармай қалғаны.

Неслихан (Нихан) өткен жылдың шілде айында тұрмыс құрғанын жоғарыда айтып кеттік. Оның таңдаған жары да актер, модель Кадир Догулу. Актрисаның айтуынша, «Kara Sevda» фильміне түсу кезінде сүйіктісімен түсініспеушіліктер орын алған. Оған себеп болған жанындағы сымбатты «ғашығы» Бурак Озчивит.

Мұндай сыбысты естіген тілшілер фильмнің алғашқы көрсетілімінде атақты жұптарды назарда ұстаған сияқты. Көрсетілімнен кейін екі актердің бір-бірімен сәлемдеспегені де сөз болды. «Edition» қонақ үйінде өткен көрсетілімге Бурак өзінің аты аңызға айналып кеткен махаббаты Фахрийе Эвдженмен келген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтарды "оңбаған", "маңқа" деп атаған қырғыз ақындары жұрттың ашуына тиді (видео)

Атышулы журналист әкімдер мен министрден қалай ақша бопсалағанын айтып берді

Елбасының жанындағы ұрылар туралы ашып айтқан Айсұлтан Назарбаев туралы не білеміз?

Мұхтар Шаханов: Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан айырылсын

Алматылық кәсіпкер Баян Есентаевамен түскен суретін салып, желіні шулатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1379222-qara-sevda-serialyndaghy-ghashyqtar-omi/

pixel