Ана атанған Аша Матай 20 келі салмақ тастағанын айтып мақтанды

Опубликовано:

Жуырда ана атанған Аша Матай тұңғышын босанғаннан кейін біраз салмақ қосқанын мойындады. Дегенмен, артық салмақпен күресуде ешқандай жарнамада көрсетілген дәріні ішпегенін, тіпті қолына да алып көрмегенін айтып ағынан жарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында айтылды.

Жуырда Аша Матайдың атынан бәз біреулер парақша ашып, арықтауға көмектесетін дәріні жарнамалаған болатын. Ашаның суреті тұрған соң, желі қолданушыларыныбұл жарнамаға сеніп, дәріге қызығушылық танытқан. Алайда Ашаның өзі тыңдармандарын бұл жарнамаған сенбеуге шақырды.

Ол өзін артық салмақтан арылтқан жалған жарнама берушілерді тапқан. Алайда, олар өздерінің бұған еш қатысы жоғын айтып, әншіні жолатпай қойыпты.

"Қазақстандық офистері бар екен, сол хатымның астында комментарий жазып қойыпты. Біз емес, біздің қатысымыз жоқ деп. Бірақ, енді кімнің қатысы бар екенін білмеймін", - депді ол.

"Оны ішпек түгелі көргенде жоқпын. Сенбеңіздер, қымбатты көрермендер, тыңдармандарым. Бұл жай өтірік әңгіме", - деп сендірді Аша.

Ал 20 келі салмақ тастаған Аша өте қарапайым жолдармен арықтаған.

"Көп су ішу, көп қимылдау. Көңіл- күйдің көтеріңкі болуы шығар. Сол", - деп бар білетін құпиясымен бөлісті әнші.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі шоумен қырғыз бен қазақ тойларының ерекшелігін айтты

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскерилердің жағдайын өзі барып білді (фото)

Головкиннің тісін қағамын деген боксшы қарсыласын бірінші раундта құлатты (видео)

Мирзияев Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты Назарбаевқа көңіл айтты

Бокс маманы: Мұндай жекпе-жек Исламға ештеңе бермейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1414216-ana-atanghan-asha-matay-20-keli-salmaq-tas/

jitsu gif