jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

    : UGC

    «Мен жындымын»! Бұл жаңадан тұсауы кесілген романның атауы. Авторы Тұрысбек Сәукетаев. Оның айтуынша, бұл кітаптың мазмұнын терең түсіну үшін жынды адамның образына ену қажет емес. Тек заманауи қазақ әдебиетіне деген тәбетіңіз болса жеткілікті деп хабарлайды НТК арнасы.

    «Мен жындымын» атты роман былтырғы «Алтын қалам» әдеби байқауында бас жүлде алып, 1 000 000 теңге еншілеген еді. Биыл бұл шығарма байқау ұйымдастырушыларының ат салысуымен кітап болып басылды.

    Авторы Тұрысбек Сәукетаев әдеби еңбегінің атауын жарнама жасау мақсатында қоймағанын айтады.

    "Мен жындымын дегенім... Айтып жатады ғой, "шындықты тек бала мен жынды айтады" деп. Бүкіл қоғамдағы құбылыстардың бәрін жындының көзімен қарап, соның сөзімен саралап, сол арқылы бердім", - дейді автор.

    Бүгінгі қазақстандық кітап дүкендерінің сөрелерін шетелдік авторлар мен олардың еңбектері жаулап алған.

    «Бұл отандық қаламгерлер шабытының аздығы емес. Керісінше, нарық заманы қазақ әдебиетіне деген сұранысты өшірді», — дейді «Алтын қалам» байқауының жетекшілері.

    Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

    ⇓⇓⇓

    Тағы оқыңыздар:

    Қытайлық бүлдіршін ерекше биімен желіні шулатты (видео)

    Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі елдің күлкісін келтірді

    "Қайрат" футболшысы жанкүйердің сөзін көтере алмай, жекпе-жекке шақырды

    Астанада отбасымен жанжалдасқан азамат 13-қабаттан кітап сөресін лақтырып жіберді

    Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.