Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова бір шоқ гүлмен кешірім сұрап келген Оразымбетовадан теріс айналды

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова желідегі парақшасына Гүлнұр Оразымбетоваға ренішін білдіріп, жазба қалдырған болатын. Оразымбетова әншінің ренішін естіп, бір шоқ гүлмен кешірім сұрап келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы muzzone.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзінің жазбасында әншіні сөгіп, "Таңшолпан" бағдарламасы кезінде өзінің "Соқыр махаббат" деп аталатын фильмге жазған саундтрегін эфирге шығартпай қойды деп кейіген.

Осы жайттан кейін Мақпал Жүнісовадан кешірім сұрап келген Оразымбетоваға әнші әлі де реніші барын байқатып қалды.

"Мен Оразымбетова ханымға өз парақшамда айтарымды айтып қойғанмын. Ол кісі менен кешірім сұраған жоқ. Кешірім сұра деп те айтқым келмейді. Мен айтарымды айтып болғанмын. Болар іс болды. Өмір жалғасып жатыр. Мен оған кек ұстамаймын. Бес-ақ минут ашулануым мүмкін. Өйткені өмір жалғасып жатыр... Кімнің кім екенін түсініп қалдық", - дейді Мақпал Жүнісова арна тілшісіне.

Дәл фильмнің тұсаукесері кезінде айыпты болып қалған Гүлнұр қолына гүл шоқтарын ұстап, Астана қаласынан кешірім сұрау үшін арнайы келіпті. Теріс бұрылып, кешірімін қабыл алмаған Мақпал Жүнісова ашуын әлі тарқатпаған көрінеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

Ақтөбеде мектеп оқушылары миында ісігі бар сыныптастарын соққыға жықты

Мақпал Жүнісованың дауға айналған фильмге жазған саундтрегі жарық көрді (видео)

Рамзан Қадыров ауыр дертке шалдыққан қазақстандық әйелге қаражат аударды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1459505-maqpal-zhunisova-bir-shoq-gulmen-keshiri/