Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова алғаш рет хан сарайындай зәулім үйін көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Танымал әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова алғаш рет өзінің хан сарайындай зәулім үйін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында ол үйін кімдер және қалай күзететінін айтып берді.

Әншінің айтуынша, бұдан біраз уақыт бұрын ол марқұм болған Заманбек Нұрқаділовтің құрметіне үйінен мұражай ашқан. Дегенмен, кейіннен ол бұл мұражайды жабуға мәжбүр болғанын айтты.

Мұның бірден бір себебі - қарақшылардың тап беруі.

"Мұражайды көру үшін келдік деген 2-3 жігіт өзіме бас салғысы келді.  Бірақ құтылып кеттім. Сол жайттан соң жауып тастадық. Қазір ешкімді кіргізбейміз", - дейді ол.

Оның үйі бүгінде күзет қызметі арқылы бақыланады. Одан бөлек дабыл жүйесі де қосылған.

Әнші үйіндегі күзет қызметіне қатысты қызықты жайтты да еске алды. Бірде қыруар ақша жұмсайтын қызметті тексермек болып, оларды өзі шақырған. Аз уақыттан соң қару асынған, қолында автоматтары бар 5-6 жігіт кіріп келген.

«Содан кешіріп сұрап, тексермек болғанымды айттым. "Пәленбай жыл болды ақша төлеп келдік. Шынымен жұмыс істей ма, жоқ па тексермек болдым" деп ашық айттым», – дейді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қайрат Нұртастың "әйелі" отбасы туралы бар шындықты жайып салды 

Тарихшы: Головкин 37 жекпе-жекті жеңсе, Қабанбай 103 шайқаста жеңілмеген

Миллиардер Дональд Трамп президент болғалы бері басы даудан арылмай келеді

Астаналық депутаттарды күткен ақтөбелік кәсіпкер жылыжайынан журналистерді қуып шықты

Алматыда оңай олжаны көздеген екі жігіт алпысқа таяған сатушыны соққыға жыққан (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1498279-maqpal-zhunisova-khan-sarayynday-zauli/