Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағасы арзан киім-кешекті жарнамалайтын жұлдыздар кімдер? (фото)

Жарияланған күні:

Бүгінде Instagram желісінің қолданушылары танымал тұлғалардың жарнамалық жазбаларынан көз ашпайтын болған. Қол жетпейтін жұлдыздар өз оқырмандарына арзан тұратын түрлі киімдер, әшекей бұйымдар, өзге де дүниелерді жарнамалап табысқа кенелуде.

NUR.KZ порталы арзан заттарға жарнама жасайтын отандық жұлдыздар тізбесін назарға ұсынады.

Айнұр Тұрсынбаева

Желідегі оқырманы ең көп жұлдыздардың бірі - Айнұр. Ол тек киімдер, отандық киім брендтері, косметика, желілік маркетинг ғана емес, сонымен бірге етке салатын жайманы да жарнамалайды.

Ерке Есмахан

Ерке Есмахан түрлі түсті көйлектерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Ол ашық түстерді ұнатады. Парақшасына арзан тұратын киімдерді жарнамалауды әдетке айналдырған жұлдыздың киімдерін кез келген адам қол жетімді бағада ала алады.

Ал Еркенің үстіндегі мынадай сары көйлекті еліміздегі кез келген сауда дүкенінен арзан бағада алуға болады.

Аша Матай

Оқырманы көп Аша Матай да өзінің әріптестерінен қалар емес. Ол күнделікті киетін көйлектерін өте арзан бағамен сатылатын дүкендерден алады. Мәселен, мына күлгін түсті көйлегінің бағасы елдегі базарларда 6000-10000 теңге аралығында тұрады.

Ақбота Сейітмағанбет

Үш балалы әзілкешке ұл сыйлаған Ақбота "Кешью" тобынан кетіп, жұмыссыз қалса да, оның тұрақты табысы бар. Жарты миллионға жуық жазылушысы бар әнші жарнама арқылы өзіне қажетті заттарды алуға мүмкіндігі бар. Көйлектерін, балаға арналған бесіктер, қоларбалар мен сөмкелерді жарнамалауға Ақбота еш ерінген емес.

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбековаға да жарнама жасату үшін көптеген дүкендер хабарласып жатады. Мөлдірдің айтуынша, ол жарнама жасағанда дүкеннің сапасына көп мән береді. Сонымен бірге ол еш уақытта тағамды жарнамаламайтыны айтқан. Дегенмен, оның үстіндегі көйлек қарапайы желі қолданушыларының қалтасы көтеретін бағада сатылады. Ол бұл көйлегін бағдарлама эфиріне киіп шыққан.

Жұлдыз Өмірғали

"Кешью" тобынан кеткен Жұлдыз Өмірғалидің де жарнамаға келгенде жолы болып тұр. Ол да екі күннің бірінде киім жарнамалаумен айналысады. Ол  аяқ киімдер мен көйлектер сататын дүкендерді өте жиі жарнамалап тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1518533-zhelide-arzan-zattargha-zharnama-zhasayt/