RU

Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады

Әнші Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бейбітпен таныстығымыз, сонау 1997 жылы " Жас қанат" байқауынан бері. Бір-бірімізді көрмегелі біраз болған еді... Шынында да қатты сағынып қалған екенмін... Бірақ шүйіркелесе алмадық... Тойдағы қатты музыкадан ба?", - деп жазған әнші жұрттың таңданысын тудырған хэштегтерді тізеді.

Тағы оқыңыздар: Алматы маңында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

"Негізі ажырасқаннан бері білмеймін, өзімді төмен санайтын болыппын, әсіресе күйеуі бар келіншектермен отырғанда күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір күйеулеріне ұнамайды ғой, келіншегінің ажырасқан әйелмен араласқаны", - деп хэштегтерге ойын тізіп шықты әнші.

Бұл хэштегтерді байқап қалған желі қолданушылары Жорабаеваға ана және әйел бақытын тілеп, еңсесін түсірмеуге шақырды.

"Төмен санама өзіңді, ешқашан. Алланың алдында бәріміз бірдей пендеміз. Алла кемітпесін. Төрт қызыңның жамандығын көрме", "Алтынай, айналайын, олай мұңайма. Басыңды биік, жоғары ұста. Қыздарың аман болсын. Сені халқың жақсы көреді", - дейді пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, Жорабаеваның продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы елде сыбыс тараған болатын. Содан кейін Сәбит Әбдіхалықов ажырасқанын растағанымен, Жорабаеваның өзі осы күнге дейін ажырасқаны туралы тіс жармай келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1558998-altynay-zhorabaeva-azhyrasqanyn-alghash/