Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіттің фильмінде басты рөлді сомдаған сұлу актрисалар неге жаға жыртысты? (фото)

Опубликовано:

Танымал әнші Бүркіттің "Логово" деп аталатын жаңа фильмінде басты рөлді сомдайтын қос актриса түсірілім кезінде өзара келіспей, жанжал шығарды деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал әнші Бүркіт Бүркіт кинопродюсер әрі режиссер ретінде дебюттік картинасын көрермен талқысына салды. Көпті «Логовонаның» прокаттағы тағдырынан гөрі басты рөлдегі екі сылқымның неге тіл табыса алмағандығы толғындырғандай.

Кинода құрбыларды сомдайтын Айым мен Айлиннің ортасын қандай «қара мысықтың» кесіп өткені көпке қызық. Сөйтсе бойжеткендер тұрмыстық заттарды бөлісе алмай жүз шайысып қалған екен.

"Қыздар арасында ондай болып тұрады. Екеуміз бір комнатада тұрдық, түсінбеушілік болып қалды арамызда. Бірақ кешірімді адамбыз ғой, бір-бірімізден кешірім сұрадық, барлығы дұрыс...", - дейді Айым Алтынбекова.

Кіл жас әрі танылып үлгермеген актерлық құрамға бұл кикілжің кері әсерін тигізбей қоймаған.

"Әрине әсер етеді. Өйткені, бірінші кезекте ұйымшыл болу керекпіз",  - дейді ол.

Бүркіт тырнақалды туындысының прокаттағы табысы қандай боларын күтпестен тағы бір картина таспалаудың қамына кіріскен.

Дебюттік жұмысы үшін азды-көпті сын естіген әнші кері пікірлерге деген иммунитетінің берік екенін шегелеп айтты.

"Дайынбыз ғой біз, он бес жыл болды ғой сахнада жүргенімізге. Естіп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан да бәрі жақсы болсын", - дейді Бүркіт.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Алматы тұрғындарына көлікті құжатсыз жүргізуге рұқсат берілмекші

Туған ұлын аяусыз тепкен азамат лауазымды жұмысынан айырылып қалды

Қатерлі ісікке шалдыққан жалғызбасты ана лотореядан қомақты қаржы ұтып алған 

Астанада көктайғақ: Рөлге ие бола алмаған Lexus жүргізушісі инспекторды қағып кетті

Төрт баласымен вокзалда түнеген ақтөбелік келіншекті полицейлер далаға қуып жіберген

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1696976-burkittinh-filminde-basty-roldi-somd/

pixel