Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі продюсер Айқын мен Жұлдыз туралы бар шындықты жайып салды

Опубликовано:

Айқынның продюсері Ерік Тастембеков әнші мен Жұлдыз Өмірғали туралы бар шындықты жайып салды. Ол алғаш рет бұл жаңалықты Баянның аузынан естігенде қатты таңғалғанын жасырмады деп хабарлайды "Гәкку ТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ол өзі продюсерлік ететін әншілерді шығармашылық тұрғыдан бақылап қана қоймай, сондай-ақ оларға тұлғалық тәрбие беруге де ұмтылатынын айтты.

"Мен оларға дәріс оқымаймын. Олар менің жүріс-тұрысыма қарап бой түзейді. Мен оларға айтқан сөзіңде тұру керек екенін, әр ісіңе жауап беру керек екенін үнемі айтып отырамын. Мәселен, бірде бізді бір шараға қатысуға шақырып, 1000 доллар ұсынды. Аз уақыттан соң дәл сондай бір шараға қатыссақ, 4000 доллар береміз деген ұсыныстар шықты. Алайда оларға жауапкершілік пен келісім маңызды екенін айтып, біз бастапқы шақырған жерге бардық. Ақшасы аз болса да, сөзімізде тұру үшін осылай істедік", - деді ол.

Алайда оның айтуынша, ол Айқынға жеке өміріне қатысты ешқандай ақыл айта алмайды.

"Мен бұл жаңалықты алғаш рет Баянның аузынан естідім. Мен оған сол күні хабарласып едім, ол тұтқаны көтермей қойды. Баян маған: "Сенің ұлдарың менің жобамның күл-талқанын шығарғаны үшін саған рахмет", - деді. "Неге, не болды?" деп сұрадым. Дәуреннің жағдайы түсінікті, бірақ ол маған Айқын туралы айтты. Мен түсінбей, Айқынға звондай бастадым...

Мен олардың ісін таразылай алмаймын, мен оларды өмір сүруге үйрете алмаймын, себебі бұл - олардың сезімі, олардың өмірі. Мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмаймын, яғни одан еш нәтиже шықпайды. Олар мұны өздері түсініп, өздері бұл жолды жүріп өтуі керек. Біреу үшін бұл - дұрыс, біреу үшін - дұрыс емес.

Біз ол туралы сөйлестік. Бастысы Айқын материалды тұрғыдан барлығының жағдайын жасап отыр", - деді ол.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Жиырма шақты тұрғыны бар ауыл 140 мың еуроға сатылып кетті

Баян мен Тұрсынғали неліктен дүркіретіп үйлену тойларын жасамады?

Назарбаев елорданың Астанаға ауысуына 20 жыл толуын қалай атап өтті? (фото)

Жүзден астам отбасылы еркекпен төсектес болған ару "ерлік жасадым" деп мақтанды

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1701178-erik-tastembekov-ayqyn-men-zhuldyz-tur/

pixel