jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

: UGC

Жастығына қарамастан батыл қадамға барып, шаңырақ құрған жас отбасы бүгінде өте бақытты екендерін жеткізіп, тұрмыс тіршіліктері жайында NUR.KZ порталының тілшісіне сұхбат берді.

Абай Түзелбай - ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің төртінші курс студенті, жұбайы Ботагөз Тәжік - Қазақ Бас Сәулет Құрылыс академиясының үшінші курсында оқиды.

Жастар Абай екінші курсты, ал Ботагөз бірінші курсты аяқтаған кезде отау құрған. Ол кезде бірі 21-ге толған жігіт болса, ал енді бірі 18-ге енді толған бойжеткен.

Жас жұбайлардың айтуынша, екеуінің бас қосуына ата-аналары мүлде қарсы болмапты.

«Бізде Батыс өңірінде, әсіресе Ақтау қаласында жастар ерте шаңырақ көтереді. Мен өзім үйде үш ағайындымын, әпкем бар, ол қазір тұрмыста, інім бар, және мен. Ұлдың үлкені болып есептелгендіктен анам қарсы болмай, керісінше қуанды. Қазақтың дәстүріне сай жөн-жоралғыларды ұстана отырып, сырға салып, ұзатып алып келіп, той жасадық», - дейді Абай.

Маңғыстаудан Алматыға арман қуып келген жастар бүгінде қаланың орталығында пәтер жалдап тұрады. Жоғарғы оқу орындарында арнайы отбасылы студенттерге арналған жатақханалар болса да, олар пәтер жалдап тұруды жөн көріпті.

«ҚазҰУ-да, оның ішінде журналистика факультетінің тоғыз қабатты студенттер үйінің жоғарғы екі қабатында отбасылы типтегі арнайы бөлмелер бар. Яғни, екі бөлмеден тұратын, үйге ұқсас, жанұялы студенттерге арналған бөлмелер.

Мен бастапқыда алып көруге тырыстым, бірнеше әрекеттер жасап та көрдім, комендантпен және оқытушылармен ақылдастым. Дегенмен, ол орындарды алудың тым ұзақ процесс екенін және оны кез келген адамдарға бере бермейтіндігін түсіндім. Ал, бізге Ақтаудан Алматыға келгенде тез арада орналасу керек болды. Сондықтан пәтер жалдауға бел будық», - деп түсіндірді отағасы.

Айта кетейік, осы сұрақ бойынша NUR.KZ тілшілері студенттер үйіне барып аранйы сұрастырған болатын. Расымен де, отбасылы студенттерге арналған орындардан ешқандай да студенттерді таппадық. Есесіне, оқытушылар мен қызметкерлердің тұрып жатқанына көзімізді жеткіздік.

«Отбасылық жатақхана бөлмесін ұзақ күткім келмеді, себебі уақыт – алтын. Сондықтан, емін-еркін өмір сүру үшін пәтер жалдау қолайлы деп шештік. Мұндай жайт барлық отбасылы студенттерге таныс шығар. Жатақханадан орын бұйырмағаны үшін ешкімге ренішіміз жоқ. Бастысы жалдамалы болса да, пәтеріміз жайлы», - дейді Абайдың өзі.

Оқумен қатар отбасылық өмірдің қиындықтарын қатар алып жүрген жас жұбайлардың әзірге сәбилі болмаған. Дегенмен, «Жаратқанның бергенін жарық дүниеге әкелу ойымызда бар», - дейді.

Бүгінгі таңда Абай отбасын асырау үшін төрт бірдей қызметкердің жұмысын атқарады. Журналистика факультетінің жоғарғы курс студенті болғандықтан телеарналарға бағдарлама дайындайтын медиакомпанияда жұмыс жасайды.

«Атауы үлкен төрт түрлі қызмет болып естілгенімен, барлығы бір кеңсенің ішінде бітетін шаруалар, сондықтан еш қиындық туғызбайды» - дейді Абай.

Ал Ботагөз әзірше еш жерде жұмыс жасамайды, тек қана сабақ және қосымша курстарға барады.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.