Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Танымал футболшы Криштиану Роналдуға шапан тіккен маңғыстаулық дизайнер, «Нұр-Шах» сән үйінің иесі Нұржамал Нұрпейісова тапсырыстың қалай түскенін және орындалуы туралы айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото): UGC
"Мен тапсырыс түскенде Ресейде сапарда болдым. Елге оралғанымда, маған «Роналдуға шапан тіктіргісі келеді» деді. Мен алғашында түсінбей қалдым, «Не? Не?", - деп сұрай беріппін». Таңғалып әріптестеріме басқа біреумен шатастырып тұрған болар деп: «Адам сенгісіз. Сен қателескен жоқсың ба?», - деп сұрадым. Олар да: «Жоқ, жоқ Роналду», - дейді. Кім тапсырыс берген дегенімде: «Нефте Сервис» мекемесі екенін айтты. Содан шұғыл түрде байланысқа шықтым", - деді танымал брендтің иесі.
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото): UGC

Дизайнердің сөзінше, тапсырыс берушілер ең алдымен шапанның эскизін сұратқан.

"Біздер лезде іске кірістік. Мен алдымен эскиз салатын жергілікті және Ресейдегі суретшілеріме байланысқа шықтым. Сөйтіп, біз ең ақырында он шапанның эскизін ұсындық. Тапсырыс берушілердің басты талабы – шапанның артында Қазақстанның туында бейленеген күн мен қыран бейнеленуі тиіс еді. Біз оны орындадық. Соның ішінде тапсырылған эскизді таңдады", - деді ол.
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото): UGC

Нұржамал ханымның айтуынша, шапан Криштиану Роналдудың бапкеріне де тігілген. Сән үйінің ұжымы тапсырысты екі ай бойы тігіпті.

Біз екі ай бойы шапандарды тіктік. Бұл уақытта мен ешқайда кетпей тапсырыстың орындалуын қадағаладым. Мен шапандарды тапсырғаннан кейін барып Дубайға ұшып кеттім. Маған бұл тапсырыспен жұмыс жасаған ерекше ұнады. Стресс емес, қарбаластықтың әсерінен бар күшімді жұмсап, қажетті заттарды өзім іздедім, - дейді дизайнер.
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)
Әйгілі Роналдуға киім тіккен қазақ қызы туралы не білеміз? (фото): UGC

Криштиануға шапанды тапсырған сәтте дизайнер Дубайда болған.

"Мен Дубайда жүргенде фото жіберді. Содан кейін ғана мен инстаграмдағы парақшама салдым. Барлығы мені құттықтап жатты... Бұл біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Мен оны ерекше жақсы көремін. Өзінің еңбегімен өзінің болашағын қалыптастырған жан. Оның футбол ойнаудағы техникасы керемет, - деп аяқтады сөзін Нұржамал Нұрпейісова.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен сақталған. Мақаланы тарату, көшіріп басу немесе өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723971-jgili-ronalduga-kiim-tikken-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel