RU

"Үш әріптің адамы емеспін": Өз шындығын айтқан Шаханов тағы да елді шулатты

Мұқағали жайлы айтқан сөзі үшін көпшілік Жазушылар Одағынан шығарғысы келген Мұхтар Шаханов өз шындығы жайлы айтты деп хабарлайды "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұхтар Шаханов. Фото:Жұлдыздар құпиясы
Мұхтар Шаханов. Фото:Жұлдыздар құпиясы: UGC

Ақын қандай жағдайда да, тек шындықты қолдайтынын, осының кесірінен біраз қиыншылық көргенін жайып салды.

"Менің басты кінәмнің бірі - шындықты айтып қоятынымда. Жазушылар одағына қарап қалған күнім жоқ. Тек шындық үшін жағаласып жатырмын. Сол одақтағы 800 адамның оншақтысы ғана ұлттық мүддеде бізбен бірге болған.
Әнеугүні Оразалин сөйлеген күні елдің бәрі шапалақтап тұрды. Ол одаққа жұмысқа орналасу үшін де ақша берген. Мен туралы ақпарат жазғандардың көбісі жазушылар одағындағы журналистер. Ешкімнің ата-бабасына тиіспеймін. Ол ақпарат бұрмаланған", - деді Шаханов.

"Шындық үшін әрқашан күресу керек. Ал өз мүддесі үшін болса, онда ұят нәрсе. Ақынсымақтардың көбісі туфли жалағыш. Мен үш әріптің адамы емеспін. Атаққа қызықпаймын. Шетелден алған атағымның өзі 120-дан асады", - деді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726210-s-ripti-adamy-emespin-z-syndygyn-ajtkan-sahanov-tagy-da-eldi-sulatty/