Әйгілі Рыжий Алмаздың 22 жастағы сымбатты ұлы туралы не білеміз? (фото)
Жарияланған күні:
Жуырда NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің жеке өмірінің құпиясымен бөліскен Ситора Назарова шығармашылыққа ден қойған ұлына қатысты да бірқатар жайттардың басын ашты. Бүгінде отандық фильмдерге түсіп, бағын сынап жүрген Сары Алмаздың 22 жастағы ұлы туралы NUR.KZ аз-кем ақпарат ұсынады.
Руми Назаров әкесі Несіпбай Нәсеновтан екі жасында қалған. Анасының қолында тәрбиеленген ол шығармашылыққа біртабан жақын болып өскен. Ситора Назарованың айтуынша, әкесінен ерте айырылса да, ұлы оның жақын бейнесін есінде сақтап қалыпты. Тіпті әлі күнге дейін кейде есіне алып отыратынын айтады ол.
"Менің балам өте ақылды, өте мейірімді болып өсті", - дейді оның анасы Ситора. Айтуынша, бүгінде ол анасына қолғанат болып, тіпті досындай сырласқанды жақсы көреді.
"Мен өзімнің ұлымнан ешнәрсені жасырмаймын. Ол мен туралы бәрін біледі, менің өмірім, менің шығармашылығым, менің көңіл-күйім. Олменің ең жақын досым, кеңесшім. Одан жасыратын ешнәрсем жоқ. Екеуімізді көшеде көргендер тіпті бізді қыз бен жігіт деп ойлап қалып жатады", - деп бөлісті Ситора.
Әншінің айтуынша, Руми Лондонда білім алған, ал қазіргі таңда Америкада оқуда. Демалған кездері ол елге келіп, қазақтың ұлттық тағамдарын жегенді ұнатады.
"Менің ұлым қазақ болғанына мақтанады. Бірде Еуропада жүргенде Қазақстанды мазақ етіп, "Боратты" айтып күлген он еуропалықты ол екі досымен бірге соққыға жыққан болатын. Еліне күле қарағандарды ол оңдырмайды. Қатты намысшыл. Себебі, оның бойында қазақтың қаны бар", - дейді анасы.
Бүгінгі таңда Руми Назаровты отандық режисерлер байқап қалып, оны түрлі фильмдерге түсуге шақыруда.
Мәселен, ол жуырда "Заклятие оракула" фильмінде басты рөлді сомдап шыққан. Бұдан бөлек Ақан Сатаевтың "Томирис" картинасында парсы ұлтының өкілін сомдайды.
"Мен оның әкесі арқылы пиар жасағым келмейді. Маған ол қызық емес. Өзім де айтары бар тұлғамын.
Егер мұндай пиар маған қажет болса, мен баяғыда-ақ жасар едім", - деген ол ұлының өз еңбегімен көтеріліп, шығармашылық мансабында жетістікке жететініне сенімді.
Румидің желідегі парақшасынан оның театр сахнасына да өнер көрсететінін көруге болады. Мәселен, ол балаларға арналған қойылымдарға қатысып, кішкентай көрермендерді де қуантқан.
Айта кету керек, Ситора Назарова өзінің ешқашан фонограммамен ән айтпайтынын айтып, отандық шоу бизнестегі қыздардың аянышты тағдыры туралы сыр бөліскен болатын.
Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732445-jgili-ryzij-almazdy-22-zastagy-symbatty-ly-turaly-ne-bilemiz-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.