Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш немересін көре алмай жүрген Абай Бегей жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Өзінен 16 жас кіші бойжеткенмен шаңырақ көтерген Абай Бегей тұңғыш қызымен сөйлесе алмай жүр. Әнші қыркүйек айында дүниеге келген жиен немересін деп көрмеген деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзінің отбасылық мәселесін жұртқа жайғысы келмеген әнші, қызының бұлай жасауына кім себепкер болғанын біле алмай жүр.

"Біреулерге бұл жағдай қызық болуы мүмкін. Бірақ, сырттағы азғырушылар азаймай, қызыммен қарым-қатынасым түзелмейді. Сырттан өсек айтып, болмаған нәрсені болды деп айтады. Осындай нәрселерден адамдардың қарым-қатынасы суып кетеді.
Менің ұл-қыздарымның нағашыларымен араласқым келеді. Олар үйленгеннен кейін мені жақтырмайтын шығар. Бірақ менің ол кісілерге деген көзқарасым өзгерген емес.
Мұны біреудің басына бермесін. Қыздарымды әйтеуір азғыратын адамдар көбейді. Екі кішкентай қызымның телефонын алып қойдым, осыдан кейін. Негізі баланы әкесіне қарсы қоймау керек қой. Осы жағдай кімнің басына түспейді?
"Мәпелеп өсірген қызы өзіне қарсы келеді" деп ешкім ойламайды ғой. Мен де қызым менімен сөйлеспей қалады деп ойламағанмын. Уақыт өтсін деп, өзімді сабырға шақырып жүрмін. Қызымның үйіме бара салсам да болады. Бірақ мені қабылдамайтын болғандықтан, күтіп жүрмін", - дейді Абай Бегей.

Айта кетейік, әншінің қызы Еркежан күні кеше тұңғышын қырқынан шығарды. Бойжеткен кішкентай ұлын әкесіне көрсетпегенімен, бұл күнді желідегі парақшасында бөліскен.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759359-tgys-nemeresin-kre-almaj-zrgen-abaj-begej-zan-syryn-aktardy/

pixel