"Ең бай әнші": Қайрат Нұртастың бір тойда алатын қаламақысы нақты қанша?
Жарияланған күні:
Әнші Қайрат Нұртастың жаңа жыл қарсаңында бір тойда қанша алатынын оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова айтып берді. Хитмен елімізде ең бай әншілердің бірі болғандықтан оны алдайтындардың да қарасы көбейген деп хабарлайды 31 арна.
Бүгінде жасы 30-ға келген Қайрат бұрынғыдай күніне 7-8 тойға бара алмайтын болып шықты. Бұған себеп әншінің қалжырап шаршауында екен. Сондықтан тойларының санын соңғы уақытта екі есеге қысқартқан.
Тіпті, әнші қаламақысының көлемін де өсіріп жіберген. Мәселен өткен жылы 7 мың доллар болса, ал биыл оның талап ететін қаламақысы мүлде басқа.
"Қаламақысы 8 мың доллар, екі адамға жол, бір бизнес, бір эконом және қонақүйі", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Соңғы уақытта қалаталы әншіден алаяқтық жолмен ақша бопсалайтын жандардың да қатары көбейген. Оны Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері растап отыр.
"Бізді көп алдайды. Мешіт саламыз деп хабарласты. Құжатты әкел деген кезде схемасы басқа, ғимарат басқа. Бәрі өтірік болады. Кейде қыздар хабарласып, мына бала 24 сағатта кетіп қалады, сол тәуліктің ішінде дереу ақша бере қойыңдар деп. Енді құрысын өліп қалмасын деп салайық деп тексеріп қалсақ, өтірік болып шығады", - дейді Гүлзира ханым.
Дереккөз 31 арна
Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/1764093-e-baj-nsi-kajrat-nrtasty-bir-tojda-alatyn-kalamakysy-nakty-kansa/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 14
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Надан халқым-ай.....соншама алданатындай не болды? Фонограммамен айтатын əншіні шақырдың не..магнитофон...дискині любой алда қосып қой.Өздерінде фонограммамен айта аласыңдар ғой...тіпті бұл əншіні тыңдауға ұяламыз..қалай-олай фонограмма.жанды табиғи дауысы жоқ.....ұялмаған əнші болады деген осы екен-ау
alga
акшаны корингенге шашпай, балаларына уй алуга комектесиндер немесе окуга тусириндер, тойда клип койып билей беремиз , пантоватся етуди, надандыкты догарайык агайын, бос биреуди асырамай.
Семей87777
Почему они налоги не платят интересно доход же есть .
мақсат
национальные традиции певцов
Norys
қайрат ақшаның артісі өзі аз келгенсіп қатыныда әнші болып кетті емеспе бурын ән айту үшін нешеме кокурстан өтү керек еді ал қазыр ақшаң болса талтаңданың кері келіп жатыр
Индико
бекер мал шашпақ деген осы да. одан да сол ақшаға жастарға пайдалы нәрсе алып бермей ме,болмаса туыстарға таратып бер жақсылық жасап. Ең аз дегенде бата аласың. Ал Қайраттың әнін дисктен тыңда,ақыры жанды дауыста айтпаса,не керек .
Кальян
8000 доллар түгілі 8000 теңгеге лайықты емес
armana
Осы адамдардын еси дурыс емес фанерасыз ан айта алмайтын Кайратты жалдап алганша жанды дауыспен айтатын бир онерпаз табылмаганы ма
Ягуар
Зачем на той вызывать фанерщиков? Если хотят танцевать пусть ставят диски или по интернету любого нормального певца с живым голосом!
Айдонай
казир алаяктар копкой
Norys
бекер жүргізседе мен оны шақырмас едім он не в моем вкусе олсызда да той өтеді ондай ақшаға үш той жасасақ болады
Tazabek
5 тиыныңды қоспасаң болмайма
Ягуар
Тазабек, өз ойын жасырмай айтып отырған жан жақпай отыр ма? кп керемет әнші болса , конкурстарға барар еді ғой! Дауысы жоқ қой оның.
Кажет
Иə дауысы жоқ...ұялмайды екен елді алдауға
Кажет