jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ең бай әнші": Қайрат Нұртастың бір тойда алатын қаламақысы нақты қанша?

    : Depositphotos

    Әнші Қайрат Нұртастың жаңа жыл қарсаңында бір тойда қанша алатынын оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова айтып берді. Хитмен елімізде ең бай әншілердің бірі болғандықтан оны алдайтындардың да қарасы көбейген деп хабарлайды 31 арна.

    Бүгінде жасы 30-ға келген Қайрат бұрынғыдай күніне 7-8 тойға бара алмайтын болып шықты. Бұған себеп әншінің қалжырап шаршауында екен. Сондықтан тойларының санын соңғы уақытта екі есеге қысқартқан.

    Тіпті, әнші қаламақысының көлемін де өсіріп жіберген. Мәселен өткен жылы 7 мың доллар болса, ал биыл оның талап ететін қаламақысы мүлде басқа.

    "Қаламақысы 8 мың доллар, екі адамға жол, бір бизнес, бір эконом және қонақүйі", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

    Соңғы уақытта қалаталы әншіден алаяқтық жолмен ақша бопсалайтын жандардың да қатары көбейген. Оны Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері растап отыр.

    "Бізді көп алдайды. Мешіт саламыз деп хабарласты. Құжатты әкел деген кезде схемасы басқа, ғимарат басқа. Бәрі өтірік болады. Кейде қыздар хабарласып, мына бала 24 сағатта кетіп қалады, сол тәуліктің ішінде дереу ақша бере қойыңдар деп. Енді құрысын өліп қалмасын деп салайық деп тексеріп қалсақ, өтірік болып шығады", - дейді Гүлзира ханым.

    Дереккөз 31 арна

    Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    "Ең бай әнші": Қайрат Нұртастың бір тойда алатын қаламақысы нақты қанша?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.