Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей өзінен 16 жас кіші әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Жақында ғана ұлды болған Абай Бегей 16 жас кіші әйелімен қалай танысқанын баяндады. Әнші қайта шаңырақ көтеру үшін үш жыл ойланған. Өнер иесінің өзінің екінші рет отау құруына қайын жұрты қарсылық танытқанын жасырмай айтып берді деп жазады "Жұлдыздар отбасы".

Әнші отбасында болған ауыртпашылықтың шығармашығына әсер еткенін мойындады. Алайда бүгінде шоу-бизнес өкілінің басындағы бұлт сейілген.

"Үйлену жайлы үш жыл ойландым. Туыстарым әуел бастан "Абай, жалғыз жүрмей, үйлен" деп айтатын. Алайда мен жарым қайтыс бола сала, үйленгім келмеді. Арада үш жыл өткенде ғана ағайын-туыспен ақылдастым. Олар мені қолдады. Қайын жұртыма да бұл ойымды айттым. Бірақ ол кісілер үйленуіме үзілді-кесілді қарсы болды.
Негізі үйленуіме себеп болған, қыздарым. Оларға анасындай болмаса да, қамқор болатын әйелдің болғанын қаладым. Жұбайыммен Қостанайда бір досымның тойында таныстым. "Нұр мүбәрак" университетін бітірген, араб тілінен сабақ береді екен. Оның діни сауаттылығы, имандылығы ұнады.
Осы қасиеттерін жоғары бағалап, "болашақта қыздарыма дұрыс тәрбие бере алады" деп үйленуге ұсыныс білдірдім", - деген әнші Фаризаны (ред: әншінің қазіргі жары) қыздарымен таныстырған.

Оның айтуынша, жұбайы кішкентай қыздарымен бірден тіл табысып кеткен.

"Жарым мен қыздарым танысқан кезде-ақ бірден тіл табысып кетті. Мен бірден үйленем демей, қыздарыма бәрін түсіндірдім. Қандай бала болса да, анасының орнына басқа адамды көруді қаламайды ғой. Осы жайлы балаларыммен ұзақ уақыт сөйлестім. Соңында олар мені түсініп, келісімін берді. Үйленгеннен кейін туыстар арасында менімен қарым-қатынасын үзгендер де болды.
Қайын жұртым қатты қарсылық танытты. Тіпті үлкен қызымды да маған қарсы қойған жақындарым болды. Несін жасырайын, қызым екеуміздің арамызды алшақтатқысы келетін азғырушылар бар. Соның кесірінен үлкен қызыммен қарым-қатынасым бұзылды. Үлкен қызыма бәрін түсіндіріп, ақыл айтатын адам табылмай тұр. Алайда мұның бәрі уақытша нәрсе деп ойлаймын.
Мен өзім үшін емес, кішкентайларым үшін қайта отау құрғанымды олар түсінер емес. Мен осы уақытқа дейін не істесем де, балаларым үшін істедім. Тырбанып, еңбек етіп жатқаным да осы балаларымның қамы. Ерте ме, кеш пе бәрі оңалар деп үміттенемін. Үлкен қызым да мені түсінетін кез келер", - деп Абай Бегей жан сырымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегей 2018 жылдың жазында өзінен 16 жас кіші қызбен екінші рет шаңырақ көтерді.

Бірінші жұбайы Жанат көз жұмған соң, әнші қайта отау құруға ұзақ ойланған.

Әнші 2019 жылдың басында ұлды болды.

Абай Бегейдің әндерін біздің"Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781148-abaj-begej-zinen-16-zas-kisi-jelimen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi/

pixel