Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалаңаштанған денесін көрсеткен Тәуекел Мүсілім қыздарды естен тандырды (видео)

Опубликовано:

Талай қыздың арманына айналған Тәуекел Мүсілім кезекті түсірілімі кезінде жалаңаштанған денесін көрсетіп, аруларды естен тандырды. Шоу-бизнес серісі дене сымбатын белгілі әншінің бейнебаянында паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ
Фото: видеодан кадр, Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Тәуекел Мүсілім Yella есімді әншінің "Убить дебила" әніне түсірілген клипінде басты рөлді сомдады. Бейнебаян желісі бойынша актер опасыз жігіт кейпіне енген.

Видеода отандық жұлдыздың жалаңаштанған күйде бойжеткенмен бір төсекте жатқаны көрініс тапқан.

Тәуекелдің бұл әрекеті желіде бірден қызу талқыға түсті. Оған қатысты оқырмандардың пікірі бір жерден шықпай, екіге бөлінген. Бірі сері жігіттің дене сымбатына тәнті болып жатса, енді бірі оның жалаңаштанған күйде түскенін ерсі санап жатты.

"Тәуекелді шешіндіріп тастапты, не деген дене бұл?" , "Денесі тамаша, клипті Тәуекелге бола қарадым" , "Тәуекелге сай емес мүлде, оны мұндай бейнебаянған түседі деп ойламаппын", "Тәуекел өз-өзін сыйлауды қойыпты" , "Ұлдардың дене сымбатын сақтап жүретіні өте керемет. Жарайсың Тәуекел, көпке үлгісін" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1784034-zalaastangan-denesin-krsetken-tuekel-msilim-kyzdardy-esten-tandyrdy-video/

pixel