Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гаухар Әлімбекованы сотқа берген құрбысының қорғаушысы істен шеттетілді

Опубликовано:

Алматыда қалалық сот ғимаратында Гауxар Әлімбекованың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Сот отырысында әншіні сотқа берген құрбысының қорғаушысы істен шеттетілді деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гауһар Әлімбекова, Бақыт Назарова. Фото: Әншінің жеке парақшасы, 31 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Гауһар Әлімбекова, Бақыт Назарова. Фото: Әншінің жеке парақшасы, 31 арна. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Әнші Гауxар Әлімбекованы "қомақты қаражатты жымқырып, алаяқтық жасады" деп сотқа берген Бақыт Назарованың қорғаушысы Құсайынов істен шеттетілді.

Судья тыңдалым алдында бұл шешімді оқыған соң, адвокат сот залынан шығып кетті.

Енді жәбірленуші Назарова алдағы сот отырысына басқа қорғаушының көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың"алаяқтық" бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан кейін журналист Бибігүл Дәулетбекқызы көпшілікке әншінің құрбысына қарыз болған 40 мың АҚШ долларын жинап беруді ұсынды.

Отандық өнер иелері де журналистің сөзіне қолдау білдіріп, Гауһар Әлімбековаға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын ашып айтып, Әлімбекованың да бұл істе құрбан екенін мәлім етсе, танымал заңгер Орынбасар Тілепбергенов әншінің қандай жағдайда бостандыққа шыға алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар, Гауһар Әлімбекованы сотқа берген құрбысы Бақыт Назарова іске қатысты пікір білдіріп, құрбысының абақтыға жабылғанын қаламағанын айтқан болатын.

Ал Гауһардың ағасы Әділхан Әлімбеков қолдау көрсеткен барша жұртқа алғысын білдіріп, оқиғаның мән-жайын өзі баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785205-gauhar-limbekovany-sotka-bergen-krbysyny-korgausysy-isten-settetildi/

pixel