Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбекке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов қыз ұзатуды табыс көзіне айналдырған әріптесі Айдар Тұрғанбекке қатысты пікір білдірді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айдар Тұрғанбек, Өмірқұл Айниязов. Фото: newsong.kz, "Жұлдыздар құпиясы". Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айдар Тұрғанбек, Өмірқұл Айниязов. Фото: newsong.kz, "Жұлдыздар құпиясы". Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесінің айтуынша, бойжеткенді жеңгесі немесе арнайы шоу бағдарламамен ұзатқан дұрысырақ.

"Жалпы қазақтың дәстүрінде қыз баланы ұзатқан кезде қатты шоу қылып немесе көрінетіндей қылып істемеген. Оның астары бар. Шаңырақтағы қыздың ағалары кеткеніне қуанғандай болып көрінбеу үшін. Сондықтан қыздың тойын үлкен қылып істемеген. Оның үстіне батыстың жігіттері негізгі мінездері солай. Кішігірім ғана, негізінен үйден шығарып салған.
Ал жігіт жағындағы тойға қарындасының ізінен еркек адамдар мүлде бармаған. Ол жаңағыдай қарындасының күйеуге кеткенін қуанышты қылып көрсетпеген. Соңғы уақыттары енді әке-шешесі баратын болды. Бұрын біздің жақтарда әке-шешесі, ағалары мүлде бармайтын. Тек қана жеңгелері мен жастар ғана баратын.
Ағасының қарындасын шығарып салуы бұрынғымен қарағанда өте намысқа тиетін нәрсе болып есептеледі. Енді қазір бәрі өзгеріп жатыр ғой. Бұрын қыздың беташарына мүлдем қатыспайтын. Мысалы үшін қыздар аяғы ауыр кезде ағалары мен әкесінен ұялып, үйіне бармайтын", - дейді Өмірқұл Айниязов.

Сондай-ақ дәстүрлі әнші ақша үшін жаңа дәстүр шығаруға болмайтынын айтты.

"Қарындасым" деп шығарып салған, маған ыңғайсыз. Ондай әндер болды ғой. Енді тойда айтқан шығар. Ал жаңағыдай шығарып салу енді болмайтын шығар. Ақшаға бола жаңа дәстүр шығаруға болмайды деп ойлаймын. Беташарды мысалыға эстрадамен айтатындар болды. Соның өзіне де біраз жігіттер қарсы шығып, "Беташарды домбырамен ашуды қойып, эстрадамен айтқандарың ұят" деп біраз нәрсе айтылды.
Сол сияқты енді қызды ағалары шығарып салғаны... Ақша деп олай істеуге де болмайтын шығар. Шығарып салатын жеңгелері немесе арнайы шоу бағдарламалар бар. Солармен шығарса, меніңше жарасымды деп ойлайм. Енді қарындастарыңызға ән де арнауға болады. Қыз кетіп бара жатқанда ағаларының көңілі босап, көзіне жас алатын кездер болады.
Бірақ, салтанатты түрде шығарып салу дұрыс емес деп ойлаймын. Жеңгелері ұзатсын! Сол дұрыс деп ойлаймын", - деп сөзін қорытындылады Өмірқұл Айниязов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын желіде "Жігіттер" тобындағы Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқан видеосы тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786276-mirkl-ajniazov-kyz-zatkan-ajdar-trganbekke-katysty-pikir-bildirdi/

pixel