Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас аруға үйленген Абай Бегейді тұңғыш қызы әлі күнге кешірмеген

Опубликовано:

Өткен жылы өзінен 16 жас кіші қызбен шаңырақ көтеріп, бесінші рет әке атанған Абай Бегей әлі күнге тұңғышымен татуласпаған. Әкесін кешіре алмаған әншінің үлкен қызы тіпті өз баласын да көрсетпеген деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жалғыз менің басымдағы жағдай емес. Біз ер адамдар әлсізбіз ғой. Мойындауымыз керек. Сол өмір бойына беріліп қоямыз да, содан кейін өзімізден көреміз.

Әйел адамдарға билік беріп қоямыз. Олар сосын азғырса да, өздерінікін жасағысы келеді. Сол себептен ешкімді жамандамаймын.

Басымда қиын жағдай болғанда көмектескеніне Алла сауаптан жазсын. Тату болғанға ештеңе жетпейді ғой.

Бірақ олай болу үшін ортадағы азғырып жүрген адамдар азаюы керек пе? Әлде уақыт керек пе?", - деп Абай Бегей жан сырын ақтарды.

Сондай-ақ, әнші жақында дүниеге келген ұлы мен екі кішкентай қызының арасында жылы байланыс орнағанын да жасырмады.

"Кішкентай өсіп жатыр. Баланың үні шыққан кезде, бір жағынан жақсы болып қалдым. Басында қыздарымда қызғаныш сезімдері болды. Ал соңғы кездері ешкімге бергісі келмей жүр. Аллаға мың да бір шүкір. Өзім де сол жағынан уайымдап едім", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Абай Бегейдің жас келіншегі өзіне сын таққан көпшілікке жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789106-zas-kyzga-jlengen-abaj-begejdi-tgysy-li-knge-kesirmegen/

pixel