Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнер иелері ұшақта шу шығарған "Дос-Мұқасан" әншісі жайлы қандай пікірде?

Жарияланған күні:

"Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкеріне қол көтерген "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов кешелі бері желіде қызу талқыға түсуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Құсайынова, Нұртас Адамбай, Ерлан Көкеев, Аслан Тілеубаев. Фото: жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мұрат Құсайынова, Нұртас Адамбай, Ерлан Көкеев, Аслан Тілеубаев. Фото: жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өнер иесінің үстінен "бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу жалғасуда.

Ал бұл уақытта қазақстандықтардың пікірі екіге бөлініп үлгерді. Олардың бірі өнер иесінің абыройына нұқсан келгенін айтса, екіншілері әртісті қызметкердің өзі ашуландырған деген сенімде.

Кей жұлдыздар бұл шуға қатысты өз пікірін ашық білдірді. Солардың бірі - Мұрат Құсайыновтың бұрынғы әріптесі Ерлан Көкеев.

"Менің пікірімше, адам елге сіңірген еңбегіне қарамастан, заң алдында бәрінің бірдей екенін ұмытпауы керек. Біз еркін әрі әділетті мемлекет құрғымыз келсе, заң алдында жауап беруге міндеттіміз. Бұл жерде адамның жасы мен жағдайы, туыстық байланысы есептелмеу керек", - дейді продюсер.

Актер әрі продюсер Нұртас Адамбай бұл жайды естігенде таңқалғанын жасырмады.

"Бұл жайтты естігенде таңғалдым. Мұрат ағаны жеке өмірде танимын. Ол кісі маған салмақты, сыпайы, мейірімді жан болып көрінді.
Ол кісімен жақында телефон арқылы сөйлескенбіз. "Той жыры" әнін біздің фильмде пайдалануға рұқсат сұрадым. Осыдан төрт жыл бұрын "Келинка Сабина" фильміндегі әнге рұқсат бергеніндей, қиындықсыз келісті.
Ол кісі "Біз отандық киноны дамыту үшін жастарды қолдауымыз керек. Сол үшін ештеңе төлеп керек емес. Жай ғана алыңыздар" деді. Мен қуанып қалдым. Ол бізге жай ғана көмек көрсетті.
Мүмкін ол кісіге расымен әуе компаниясында мәдениетті сөйлемеген болар. Сондықтан да ол кісі осындай мінез көрсеткен. Адами факторды ешкім жоққа шығармайды. Өздеріңіз де білесіздер, адамның дауыс мәнері көп нәрсеге әсер етеді. Бір сөздің өзін сан құбылтып айтуға болады. Мұрат ағаның қыз баласына қол көтергеніне сенгім келмейді", - дейді Нұртас Адамбай.

Сондай-ақ көпшілікке ерекше әзілімен танылған Ақын Ақыныч та өнер иесіне қатысты шуға пікір білдірді.

"Адамның абыройы артқан сайын, сөзі мен әрекетін қатаң бақылауға алуы керек. Өкінішке орай, бұл әрдайым орындала бермейді. Бортсерік өзіне дөрекілік танытуына жол беретіндей дәрежеде қызметіне селқос қарайды дегенге сенбеймін.
Халық адамы үшін алаңдамаймын. Оны адамдар кешіреді. Сот та адам ғой. Бірақ "Бокс-Мұқасан" атауы мәңгі қалуы мүмкін", - деді танымал домбырашы Ақын Ақыныч.

Ал "Үркер" тобының гитарашысы Рустам Мусин өзінің басылым беттеріндегі ақпаратқа сене бермейтінін жасырмады.

"Мен оқиғаның дәл басылым беттеріндегідей болғанына сенбеймін. Кез келген жанжалға екі адам себепкер. Бірақ әр тарап өз шындығын дәлелдеп әлекке түсуде.
Мүмкін шын жағдай басқаша орын алған болар?! Бірақ біз мұны біле алмаймыз", - дейді "Үркер" тобының гитарашысы Рустам Мусин.

Луинаның продюсері Аслан Тілеубаев та даулы оқиғаға өз пікірін білдірді.

"Мен және менің қызметкерлерім мұндай жағдайға тап болып көрмеген. Сондықтан оны талқыға салуға құқығымыз жоқ. Бірақ бір білерім: ер адам ешқашан нәзік жандыға қол көтермеуі керек. Тіпті соншалықты долы әйел болса да. Салқынқандылық танытып, өз эмоциясын қалыпта ұстауы - кез келген азаматтың әлеуметтік парызы", - деді продюсер.

Сондай-ақ Аслан Тілеубаев мұндай жағдайда нақты деректерге, бейнебақылау жазбаларына сүйену керектігін айтты. Продюсер дәрежесіне қарамастан, барлық адамның заң алдында бірдей екенін де еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789678-otandyk-zlydzdar-sakta-su-sygargan-dos-mkasan-nsisi-zajly-kandaj-pikirde/