Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Пугачеваны шешіндірмейді": Өнер иелері Мұрат Құсайыновты жақтап шықты

Жарияланған күні:

Осыдан біраз уақыт бұрын әуежай қызметкеріне қол көтеріп, басы дауға қалған Мұрат Құсайыновқа өнердегі әріптестері қолдау көрсетті деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова, Мұрат Құсайынов, Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мақпал Жүнісова, Мұрат Құсайынов, Айдар Тұрғанбек. Фото: Әншілердің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақпал Жүнісова мұндай келеңсіз жайттардың басынан бірнеше рет өткенін де жасырмай айтып берді.

"Ондай кезде біз сабырлылық танытуымыз мүмкін. Ал ер адамдарда мінез болу керек қой. Айтқан шығар. Ана қыз сапсаң-сапсаң етіп... Қазір деген ағаларына жол бермей қағып өтетін қыздар көп қой. Сондай бір қыз шығар.

Енді Мұрат Құсайыновты танып тұр. Не болды сонша соған шүйлігіп?! Әкесіндей адам... Кішкене сыйлап, "аға сәлеметсіз бе?" десе, "жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады" дейді.

Бортсеріктің талайын көріп жүрмін. Ол менің басымнан да өткен. Мені ұшаққа отырғызбай қойған кездер де болды. Біз ұшаққа жарылғыш алып бармаймыз ғой. Өмір сүргіміз келеді.

Олар танып тұрса да, танымағансып, "енді қайтейін, анау болса не істейін" деген көкіректі қою керек. Адамды сыйлай білген жөн.
Пугачева келген кезде сөйтіп шешіндіре ме бізде? Өлсе де шешіндірмейді. Қызыл кілемді төсейді де, лимузинға салып алып кетеді. Бәріне заң бірдей болуы керек", - дейді халық әртісі.

Ал "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбеков Құсайыновтай тұлғаларды құрметтеу керектігін айтты.

"Қол көтерді дегенге сенбеймін. Аяқ киіміңді, белдігіңді шеш деп айтатындай емес. Ол кісі таниды ғой, сыйластық болу керек.

Ол кісі қылмыскер емес, мәдениеттің төрінде жүрген адам болғаннан кейін сыйластықпен жібере салу - қазақшылық. Біздің қазіргі жастарға жетіспейтіні - үлкенді құрметтеу.

Мейлі, қай жерде болса да. Ол кісіні жібере салу керек еді. Қатты ашуланып кеткен жағдайы да бар. Ол кісіні жақсы түсінем. Көпшіліктің алдында аяқ киімін, белдігін шештірген. Енді дұрыс емес. Ондай кісілерді құрметтеу керек", - дейді Айдар.

Мұрат Құсайыновтың әрекетін дұрыс деп есептейтіндердің бірі - Мирас пен Құралай. Өнер иелерінің айтуынша, мұндай жайттар танымал тұлғалардың басынан жиі өтіп тұрады.

"Өнерде жүрген соң ондай нәрсе көпшілікке тез тарап кетті. Біреу шаршап келе жатуы мүмкін. Қатты сөйлеп қалса, ол үлкен нәрсе жасағандай болып естіліп, көрініп жатады", - дейді Мирас пен Құралай.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.

Сондай-ақ өнер әлемінің майталмандары да Мұрат Құсайыновтың бұл ісіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.

Айта кетейік, бұл даулы іске мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да пікір білдіріп, жанжалдың екі жағы болатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1791597-pugacevany-sesindirmejdi-ner-ieleri-mrat-ksajynovty-zaktap-sykty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 9

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Южный11

Әуежай қызметкерлері өздерін аспанда тұратын жандарға теңейтіні қынжылтады.

Comment reaction

Дулатбек18

"Екі адам қатты ұрсысып тұрса, бұған екеуінің қайсысы сәл болса да ақылдырақ болса, сол кінәлі" - деген екен бір философ. Себебі парасатты адамдар ешқашан бұндайға жол бермейді екен. Расында ыңғайсыз жағдай болды. Басқа ұл өкілдеріне күлкі болмасақ бопты.

Comment reaction

zhan51

Он всего лишь артист, как вы не поймете?! Кто то собирает машины, кто то учит детей, кто то врач, артист это такой же рабочий как и все смертные. Почему он не должен проходит досмотр по всем правилам?! Есть правила - придерживайтесь их! Белдігін шешкізіп деп айтатындай не болды! Шалбарын шешкізбеген шығар! не хочет проходит досмотре пусть летает бизнес классом!

асекеасеке

Заң бәрімізге ортақ емес пе, елден ерекше емессің, осылай өзіңді баскалардан артық санасаң сені кім сыйлайды, үлкен ұят жасағаныңды өзің сезбегенің ақылға сыймайды. Кешірім сұраңыз аэропорт қызметкерінен. Ал артистерге келсек сендер акшаға жумыс істеп журсіндер, Торегали, Туңғышбай ағай т,агы баскаларыңның істерінді естіп халык калай сіздерді сыйлайды?

нагымановбазарбай

Кэзирги жастарда кишипейлдилик жок.тэрбие жок.Коп жастар кокирек.басынан соз асырмайды.Ондай жастарды коргенсиз дейди.ертен улкен болатындарын улкенге корсеткен курметин ертен калай кайтатынынан хабарлары жок.Кэзирги жастарда сана жок.

Адилхан

Елдің сыйлы азаматын сыйламау - елді сыйламау. Ондайларды жұмыстан шығару керек.

Малыш

"Қарға қарғаның көзін шұқымайды" демекші, бұл әртістер ешқашан бір-бірін жамандамайды.

БСА

Куда ему до Пугачевой? 70-80 жылдары алған жүлдерін айтып қоймайды, еңбегім сіңген деп. Қазір осыларды біреу тыңдайды ма? Қыз балаға қол көтерген ұят нəрсе. Тел более жұмыс бабында. Арнайы ереже бар. Тәртіп бəріне ортақ болу керек. Біздің артистер өте мәдениеті нашар. Құтылып кеткен.

Дулатбек18

Иә мәдениеті де тәртібі де нашар әртістер бар. Мысалы: "Маған балаларының аузына түкіртті " - деп саханада мақтанып тұрған әртістерді көріп жүрміз ғой. Бұдан артық қандай мәдениетсіздік, қандай надандық болады?! Менің ойымша бір ғана жетістігіне қарап адамды сонша аспандатуға болмайды екен! себебі ол да пенде, басқа бір жағынан нашар болуы мүмкін. Бәріміз де пендеміз!

jitsu gif