Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамедиұлы басы дауға қалған "Дос-Мұқасан" әншісіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайыновтың дауына қатысты пікір білдірде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Құсайынов, Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі, топ парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мұрат Құсайынов, Арыстанбек Мұхамедиұлы. Фото: Орталық коммуникациялар қызметі, топ парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Министрдің пікірінше, жанжалдың екі жағы болады. Бір жағынан ұшаққа отырғызу және ұшу уақытында қажетті тәртіпті сақтау керек. Екінші жағынан - сахна майталманын сыйлау керек.

"Дос-Мұқасан" аңызға айналған топ. Ойлап көріңіздерші, Ұлыбританияда Пол Маккартниді ұшаққа кіргізбей қойса не болар еді?
Оның үстіне Қазақстанда шаңырақ көтергендердің 90 пайызы "Дос-Мұқасанның әнімен ортаға шығады. Сондықтан бұл мәселе оңай емес", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.

Сондай-ақ өнер әлемінің майталмандары да Мұрат Құсайыновтың бұл ісіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789871-arystanbek-mhamedily-basy-dauga-kalgan-dos-mkasan-nsisine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel