Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голос. Дети": Бірінші арна Алсудың қызының жеңісін жоққа шығарды

Жарияланған күні:

"Голос.Дети" шоуы: Бірінші арна әнші Алсудың қызының жеңісінен соң үлкен дау тудырған соңғы маусымның нәтижесін жоятын болды. Арна қызметкерлері дауыс беру нәтижелерін тергеу жұмыстарының алдын ала қорытындысын алғаннан кейін осындай шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Голос. Дети": Бірінші арна Алсудың қызының жеңісін жоққа шығарды
Алсу қызымен. Фото: instagram.com/alsou_vk_group: Depositphotos

Бұл туралы Бірінші арнаның сайтында белгілі болды.

"Соңғы нәтижелерге сүйене отырып, арнамыз "Голос. Дети" жобасының алтыншы маусымы финалының нәтижесін жою туралы шешім қабылдады", - деп жазады аталмыш телеарнаның өкілдері.

Сондай-ақ, дауыс беру нәтижелері қолдан өзгертілгеніне көз жеткізу немесе жоққа шығару үшін ғана тексеріс жүргізілгені және бұл әрекет арқылы кімнің болса да намысына тию көзделмегені туралы айтылды.

""Голос.Дети" тележобасы әрбір қатысушыға тек қана позитивті тәжірибе беруді алға қойған. Балалар өздері жасамаған әрекеттері үшін жауапты болмауы керек деп есептейміз" , - дейді Бірінші арна қызметкерлері.

Еске сала кетейік, қазақстандық талант Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ, отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Қазақстандық және шетелдік орындаушылардың әндерін "Музыка Нур" қосышасында тындаңыздар.

Tele 2 мен ALTEL-ден сутегін преумге қол жеткізіңіз. Толығырақ>>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1794357-birinsi-arna-alsudy-kyzyny-zeisin-zokka-sygardy/