Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша болса, бара саламын": Жүрсін Ерман казинодағы ең үлкен ұтысын айтты

Опубликовано:

Қазақ айтысының майталманы Жүрсін Ерман құмар ойындарда қол жеткізген ең үлкен ұтысының мөлшерін айтты. Ол казиноға барып тұратынын жасырмады деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жүрсін Ерман құмар ойындарға қызығуды жаман әрі жеккөрінішті нәрсе деп есептемейтінін жеткізді.

"Бильярд ойнаймын, карта ойнаймын. Казиноға да барып тұрамын. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін.

Қолымда ақша болса, көңіл-күйім болса, бара саламын. Оның ешкімнен жасырып жатқан жоқпын. Жылына неше рет баратынымды санамаймын. Ақшам болса, бүгін де бара салар едім. Ақшам жоқ. Кейде анда-санда барып, бой жазып қайтамын.

Бізде құмар ойындарға жеккөрінішпен қарайды. Еуропада болса, жұрт тынығуға барады. Сол жерде отырып, әдемі классикалық музыка тыңдап, бірімен бірі шүйкірлесіп, дәмді ас ішіп, демалып қайтады.

Мен ұтуға да, тынығуға да барамын. Ыңғайы келсе, ұтқым келіп тұрады, әрине. Бірақ, олай бола бермейді ғой. Ең үлкен ұтысым - 31 мың доллар.

Бізде ондай көп ақша жоқ қой. Көп ұтылатындай ондай қаржы жоқ бізде. Шамамен бір мың доллар, бір жарым мың доллар ұтылдым. Қалтама бір-екі мың доллар салып барамын.

Бір кезде джип ұтып алдым. Аяқ астынан екі кештің ортасында бардым. Сол маған шықты.

2012 жылы 12 наурызда джип ұтып алып, балаларға келіп алып кетіңдер дедім. Немерем мектеп бітіріп жатыр еді, соған мінгізе қойдым, жақсы болды.

Соңғы рет үш ай бұрын бардым. Денсаулығым болмай жүр. Емделіп жатырмын" , - деді Жүрсін Ерман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798065-aksa-bolsa-bara-salmyn-zrsin-erman-kazinodagy-e-lken-tysyn-ajtty/

pixel