Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмысымыз ұзаққа бармайды": Сиви Махмуди Хамитоваға байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Осыдан біраз уақыт бұрын Жанар хамитованы өз қамқорлығына алған Сиви Махмуди әншімен жұмысына қатысты пікір білдірді. Продюсер Хамитовамен жасайтын ортақ жұмысының қыркүйек айына дейін ғана созылатынын айтты деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмудидің айтуынша, ол басынан өтіп жатқан жағдайдың бәрін көпшілік өзі жайлы теріс ойламас үшін баяндап беруге шешім қабылдаған.

"Бұл шындық Жанар екеуміздің ортақ жұмысымыз ұзаққа созылмайтыны жайлы. Біздің Ақтөбе қаласы мен өзге де аймақтарға жасаған турымыз бір айдан аса уақытқа созылды. Біз қыркүйек айына дейін жоспар бойынша жұмыс істейміз. Соңғы уақытта өзіме таңғалып жүрмін. Себебі бастаған ісімді ешқашан аяқсыз қалдырмайтынмын. Ал қазір мына жағдайға тап болып отырмын.
Мысалыға Жанар ұйықтар алдын маған өзінің бақытты екенін, әрі қарай өнерін жалғастырғысы келетінін айтады. Ал таңертең ұйқыдан тұрып, "Мен ештеңе істегенді қаламаймын" дейді. Өзінің өте шаршағанын, шығармашылықпен айналысу жайлы ойланатынын жеткізеді. Мұны қалай түсінуге болады? Біз екеуміз қатарласпыз. Бірақ мен өзімді бұлай жауапсыз ұстамаймын ғой. Әр іске жеңіл қарамаймын. Бұл жұмысқа келіп тірелгенде шыдау мүмкін емес", - дейді Сиви Махмуди.

Сондай-ақ Сиви Махмуди желідегі теріс пікірлердің Жанар Хамитоваға теріс әсер ететінін, тіпті оның болашақта шетелге кетуі мүмкін екенін де ашып айтты.

"Жанарға желідегі теріс пікірлер кері әсер етеді. Сондықтан мен екеуміз түскен суреттерден пікір жазу мүмкіндігін өшіріп тастаймын. Ол желіден адамдардың пікірін оқып, жылап алады.
О бастан, Жанармен контрактіге қол қоймай дұрыс шешім қабылдағаныма көзім анық жетіп жүр. Мен оған үнемі қолдау көрсетіп, қиын жағдайдан алып шыққым келеді. Бірақ кейде Жанарға аяғына дейін көмектесе алмайтын сияқтымын. Тіпті, отандық бағдарламалардың бірінде оның стилімен жұмыс жасап, клип түсіріп алып шыққанда, ол өзіне бәрінің қызықсыз екенін айтады. Мені осы жағдай қатты қинады.
Жанар өзіне қазақстандық шоу-бизнестің, оған деген көпшіліктің көзқарасының ұнамайтынын да айтады. Қазір ол аяққа тұрып, содан соң Лос-Анджелеске кетуді жоспарлап жүр.
Маған Жанарды ортақ танысымыз алып келгенде, мен оған көмектесуге уәде бергем. Қазір оның аяғынан нық тұруына жәрдем етіп жатырмын. Мүмкін алда өзіне жаңа продюсер табар, мүмкін отбасына қайта оралар немесе өзге адамға тұрмысқа шығар. Мен сол кезде өзімнен жауапкершілік жүгін алып тастаймын. Қазір қыркүйекке дейін ғана жұмыс істей алатымызды айта аламын", - дейді Сиви Махмуди.

Естеріңізге сала кетейік, Жанар Хамитова осыдан 11 жыл бұрын сахнаға белгілі әнші Нұржан Керменбаевпен бірге қадам басқан болатын.

Алайда әнші тұрмысқа шығып, отбасын құрып сахнадан алыстап кеткен. Арада бірнеше жыл өткенде әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасының эфирінде басынан өткен ауыр тағдырын баяндап берді.

Ал Хамитованың тағдырын естіген Сиви Махмуди оны өз қамқорлығына алып, тіпті өз үйіне кіргізіп алған.

Материалды көшіріп, басу, тарату тек "Время" басылымының рұқсатымен жүзеге асырылады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798218-zmysymyz-zakka-barmajdy-sivi-mahmudi-hamitovaga-bajlanysty-mlimdeme-zasady/