Нұр-Сұлтандағы концертте ән орындағалы тұрған Димаштың микрофоны сөніп қалды
Опубликовано:
Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтандағы концерті техникалық ақаулықтардың туындауынан басталды. Әншінің микрофоны жұмыс істемеді деп хабарлайды Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Димаш өзінің жеке кешінде сөндірулі тұрған микрофонмен ән сала бастады. Басылымның мәліметіне сәйкес, әнші саспаған, оған қоса оны жанкүйерлері қолдады.
Димаштың шоуында бірінші болып ағылшын тіліндегі "Golden" әні шырқалды.
Әуелі әншінің микрофоны жұмыс істемеді, бірақ ақау түзетіліп, Димаш ән шырқауды жалғастырды.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда жеке концерт өткізді. Әнші өткен жылы ұрлықшылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы, досы Денис Тенге арнап бір ән орындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802297-nr-sltandagy-koncertte-n-oryndagaly-trgan-dimasty-mikrofony-snip-kaldy/