Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалдыбек Құрманәлі: Өнерін сақтап қалу үшін екінші әйел, көңілдес болмағандар аз

Опубликовано:

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі өнердегі жолын тоқалдық арқылы сақтап қалған әншілер жайлы ашып айтты. "Қамшы сұхбат" бағдарламасына келген шәмшітанушы шоу-бизнес әлеміндегі мұндай арулардың танымал бағдарламаларда отбасы құндылығы жайлы айтатынына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі. Фото: "Хабар" арнасы
Қалдыбек Құрманәлі. Фото: "Хабар" арнасы: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі Ирина Советжанқызы Қалдыбек Құрманәліден: "Бір сұхбатыңызда "Сахнаға біреуге тоқал болу арқылы шыққан әншілер көп" деп айтыпсыз. Оның мен төрт-бесеуін білемін депсіз. Бірақ аты аталмай, жұмбақ күйінде қалған", - деп сұраған.

"Ол сұхбатта айтқанмын. Аты аталмаса да, өздері біледі. Мен оны қорыққаннан айтпай отырған жоқпын. Осы бір сұхбатымда тегін айтып бергем. Сөйтсем, мен оларға жарнама жасап жатыр екенмін. Бір тойда өзіме "Қалеке білмейді екенсіз. Ажырасып кеттім ғой" деп өзімді мазақ қылып тұр.
Өнерде арын сатпаған, адал тұлғалар аз. Халықтың қаймағына айналған өнер адамдары бар ғой. Өнерін сақтап қалу үшін екінші әйел, көңілдес болмағандар аз. Сол санаулылардың өзі бізге жетеді. Ондайлар өте аз. Ал қалғандарының ішінде төрт баласын кімнен туғанын білмейтін, ұмытып қалғандар да бар.
Сондай деңгейге жеткенбіз. Оларға бір күйетінім, сахнада олар адалдық туралы айтып, бағдарламаларға қатысып, отбасы құндылығы жайлы айтады. Адам бетінен ұят кеткеннен кейін, айтыла береді екен-ау деп күйінем", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Қалдыбек Құрманәлі осыған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның шулы клипіне қатысты пікір білдірген болатын.

Cонымен қатар композитор шоу-бизнесте өнерін сақтап қалу үшін екінші әйел немесе көңілдес болмайтындардың аз екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806355-kaldybek-krmanli-nerin-saktap-kalu-sin-ekinsi-jel-kildes-bolmagandar-az/

pixel