Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдар Тұрғанбек әнін рұқсатсыз орындағандарды жауапқа тартпақ

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек өзінің альбомындағы әндерін той мен сахнада рұқсатсыз орындайтындарды заң жүзінде жауапқа тартатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл туралы Instagram парақшасында жазған.

"Әрбір әнші үшін жазған, орындап жүрген әндері өзінің бір бөлшегіндей болып қалады.
Ал сапалы бір әнді жазу үшін қаншама еңбек жасалып, тер төгіледі. Бірі әнін жүрегінен суырып шығарса, бірі сөзін қаншама парақтарды шимайлап, шабыт іздеп, сан ойға салынып жазады.
Сондықтан құрметті өнерпаздар, тойда қызмет жасап жүрген бауырлар, іні-қарындастар! Бұдан былай менің орындауымдағы әндерімді рұқсатсыз сахнада, тойда пайдаланған әрбір адамды заң жүзінде жауапқа тартатын боламыз. Авторлық құқықты бұзуға болмайды", - деді "Жігіттер" тобының әншісі.

Сондай-ақ өнер иесі өнерпаздардан бұл ескертуін дұрыс түсінуді сұрады.

"Себебі әндерді жазу үшін қанша қаражат, қанша еңбек кетеді. Жәйдан-жәй дайын дүниеге тап бола қалып, орындай салу - біреудің дүниесіне қиянат жасау. Ескерту жасалды. Еңбекті бағалай біліңіздерші, дұрыс түсінесіздер деген үміттемін", - деді Айдар Тұрғанбек.

Естеріңізге сала кетейік, "Жігіттер" тобының солисі биылғы жылдың көктемінен бастап қыз ұзатуды қолға алған болатын.

Алайда арнайы ән жаздырып, қыз ұзатуды табыс көзіне айналдырған әншіге өнердегі әріптесі Өмірқұл Айниязов пікір білдіріп, ақша үшін жаңа дәстүр шығаруға болмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808189-ajdar-trganbek-nin-rksatsyz-oryndagandardy-zauapka-tartpak/

pixel