Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он жыл отасқан жұбайы 6 баласымен тастап кеткен келіншек жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Жұбайымен отасқан он жылында алты баланы өмірге алып келіп, бүгінгі таңда жалғыз қалған келіншек жан сырымен бөлісті. Бір баласын енесіне, кенжесін қайын апасының қолына ұстатқан әйелдің күйеуі өзге жанмен көңіл жарастырған. Ал әйелдің өзі барар жер, басар тауы болмай, қайын жұртының қолында күйеуін күтіп жүр деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.

Фото: texttube.ru
Фото: texttube.ru: Instagram

Келіншектің айтуынша, оны енесі үйінен қуып шыққан. Ол бүгінгі таңда қайын апасының үйінде күнелтуде.

"Өмірлік серігім болады деп таңдаған адамым он жыл бірге отасып, бар қызығымызды, қайғымызды бөліскен шағымызда өзге жанға кете барды. Мен балапандарымды құшақтап, қайтып келер деген үмітпен əлі қайын жұртта жүрмін. Балапандарым бар.
Қайын апамның үйінде тұрып жатырмын. Енем "Байы жоқ əйелді қай бетіммен кіргіземін" деп үйден қуып шықты. Бірақ үлкен балам сол кісінің қолында. Кішкентайынан бағып келеді. Өз басымда баспанам жоқ. Астана қаласында көп балалы отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрмын", - дейді әйел.

Сондай-ақ, көпбалалы ана кенжесін қайын апасына бергенін де айтып берген.

"Қайын апамның балалары жоқ. Арғы жылы бесінші баламды сол кісіге туып бергенмін. Қайын жұртымның өтінішімен, кенжемді қайын әпкеме бердім. Енді міне "бері тартсам өгіз өледі, ары тартсам арба сынады" деумен жүрмін.
Өзім бас аспаз болып жұмыс жасаймын. Тапқан табысымды түгел үйге жұмсаймын. Осы үйге тамақ тасимын. Төрт баланың киім-кешегі бір өзімнің мойнымда. Мен шаршадым бəрінен. Біреудің үйінде балаларыммен жалтақтап өмір сүрудің қандай қиын екенін білсеңіздер ғой. Күйеуімнің жүрген жүрісі анау. Балаларға бір тиын беріп көмектеспейді, хабарласпайды. Төркініме бара алмаймын, төрт баланы құшақтап төркініме қалай сиямын?!", - деді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808761-on-zyl-otaskan-zbajy-6-balasymen-tastap-ketken-kelinsek-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel