Тұңғышбай Жаманқұлов 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы ойын айтты
Жарияланған күні:
Отандық әйгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов 82 жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өзінен 45 жас кіші тележүргізушімен отау құрған әншінің некесі жайлы не ойлайтынын ашық айтты деп жазады Youtube желісіндегі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жаманқұлов жас айырмашылығы үлкен жұпты кінәләудан аулақ екенін жеткізді.
Актер Нүсіпжановтың тағы да шаңырақ көтергенін естіп, қатты таңғалғанын айтты.
"Қазақта "бөріктінің намысы бір" деген сөз бар. Сол себепті, мен ол кісіні кінәләудан аулақпын.
Содан кейін жүрекке әмір жүрмейді. Махаббат деген сезімнің қай күні келерін бір Алла біледі. Мен ол кісілердің қосылуын жүрек қалауы деп есептегім келеді.
Жүректерінің бір тартылыс күші болды-ау деп ойлағым келеді. Бірақ, кімнің ішіне кім кіріп шыққан? Мен оны кінәләғым келмейді.
Салқын ақылмен жас мәселесін ойлағанда "неге бұлай болды екен?" деген таңғалыс болды.
Оның үстіне Нұрғали ағам өзі тік жүріп, тік сөйлейтін, абайлап жүріп, қадамын нық басатын педант кісі болатын. Ал енді жеке өмірінен бейхабармын.
Жеңгеміздің қайтыс болғаны, бес қызы бар екенін де білмейді екенмін.
Ол сахнада ән айтқанда эмоцияға беріліп, есі шығып кетпей шеттен шықпай айтады ғой. Біз болсақ аттан салып, жағамызды жыртып жатамыз.
Осы кісіден осындай шығады деп ойламағаным хақ. Бірақ, қайтлап айтамын жүрекке әмір жүрмейді" , - деді Жаманқұлов.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың 82 жасында үйленгенін хабарлаған болатынбыз.
Бұл жаңалықты естіген шоу-бизнес өкілдері қарт әншіге өз тілектерін жаудырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816743-tgysbaj-zamanklov-82-zasynda-jlengen-nsipzanov-turaly-ojyn-ajtty/