Қартайғанда адам танымастай өзгерген голливуд жұлдыздары кімдер
Опубликовано:
Голливудтық жұлдыздар зейнетке шықса да, өз-өзіне қарап, спортпен шұғылданып, талғаммен кинеді. Алайда мұндай қасиет барлық әртіске бұйырмаған. Тіпті, бір кездері әлемнің ең үздіктері болған мега-жұлдыздарды бұл күндері тани қою қиындау. KAZ.NUR.KZ порталы BigPicture.ru-ға сілтеме жасап уақыт өте келе қатты өзгеріске ұшыраған тұлғаларды ұсынады.
![Фото: bigpicture.ru Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/c68bf0ee6b3dddab.jpeg)
Клинт Иствуд
Клинт Иствуд - танымал америкалық актер, режиссер және композитор. Ол бірнеше рет "Оскар" жүлдесінің, "Ирвинг Тальберг атындағы марапаттың" иегері. Клинт вестерн және атыс-шабыс жанрындағы фильмдері арқылы әйгілі болған. Қазір Клинт Иствуд 89 жаста, әлі де киноға түседі, сонымен бірге продюсерлікпен айналысады.
![Клинт Иствуд. Фото: bigpicture.ru Клинт Иствуд. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/a3b39b84e2b17631.jpeg)
Дженис Дикинсон
Дженис Дикинсон - америкалық модель әрі фотограф. Ол әлемдегі "бірінші супермодель" болған. Дженис Нarper’s Bazaar, Glamour, Cosmopolitan сынды журналдарда жарқыраған. Қазір ол 64 жаста.
![Дженис Дикинсон. Фото: bigpicture.ru Дженис Дикинсон. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/d45bb020f89ad6d5.jpeg)
Вэл Килмер
Вэл Килмер - танымал америкалық актер. "Бэтмен навсегда", "Лучший стрелок", "Дорз" және "Святой" сынды фильмдердің арқасында жұлдызы жанған. 31 желтоқсанда ол 60 жылдық мерейтойын атап өтеді.
![Вэл Килмер. Фото: bigpicture.ru Вэл Килмер. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/07b524d88d0dfdd0.jpeg)
Кит Ричардс
Кит Ричардс - аңызға айналған британиялық гитарашы, The Rolling Stones тобы айтқан әндердің авторы. "Барлық кезеңнің 100 ұлы гитарашысы" тізімінде Ричардс төртінші орында тұр. Қазір ол 75 жаста.
![Кит Ричардс. Фото: bigpicture.ru Кит Ричардс. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/401caa7a14345139.jpeg)
Эдвард Фарлонг
Эдвард Фарлонг - ең алдымен "Терминатор" фильміндегі Джон Конордың рөлімен танымал болған. Сонымен бірге ол көптеген телехикаяларға түскен.
![Эдвард Фарлонг. Фото: bigpicture.ru Эдвард Фарлонг. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/b8c6d7e3e5c9e96c.jpeg)
Оззи Осборн
Оззи Осборн — танымал әнші, Black Sabbath тобының негізін қалаушы. Қазір рокер 70 жаста болса да, мансабын тастамақ емес.
![Оззи Осборн. Фото: bigpicture.ru Оззи Осборн. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/f964d7c4059ae661.jpeg)
Кирсти Элли
Бұл тізімде ең қатты өзгерген актриса Кирсти Элли болды. Өнер иесі бірнеше телетуындыларға түсіп, танымал болған. Қазір актриса 68 жаста.
![Кирсти Элли. Фото: bigpicture.ru Кирсти Элли. Фото: bigpicture.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/b7fec9420f342844.jpeg)
Айта кетсек, бұған дейін достары арықтығы үшін келемеждеген жігіттің адам танымастай өзгеріп кеткенін жаздық.
Сондай-ақ, әлемді бағындырған Италияның ең сұлу қыздары жайлы хабарлаған болатынбыз. Олардың қатарында сұлулық эталоны болған Моника Беллучи де бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832681-kartajganda-adam-tanymastaj-zgergen-gollivud-zldyzdary-kimder/