jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Төреғали Төреәлінің мектеп оқулығының мұқабасына шыққаны рас па (фото)

    : Instagram

    Ғаламтор кеңістігінде бірқатар отандық жұлдыздардың 11 сынып оқушыларына арналған кітаптардың мұқабасына шыққан суреті тарап кетті. Мектеп оқулықтарының сыртына шыққан жұлдыздар қатарында Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Тәуекел Мүсілім мен Әбдіжаппар Әлқолжа бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/toregalitoreali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/toregalitoreali. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Желіде тарап кеткен суретке сәйкес, "Қазақ тілі" оқулығының сыртында Төреғали Төреәлі бейнеленсе, "Геометрия" мұқабасында Ерке Есмахан тұр. Сонымен қатар, "Қазақстан тарихында" Әбдіжаппар Әлқожа, "Ағылшын тілі" оқулығында Тәуекел Мүсілім бой көрсеткен.

    Бұл "жұлдызды оқулықтардың" суретімен Instagram парақшасында Төреғали Төреәлі бөлісті. Ол өзі бейнеленген "Қазақ тілі" кітабының мұқабасын жариялап, "құтты болсын ағайын" деп оқырмандарынан сүйінші сұраған.

    Оған қоса, өнер иесі өзге әріптестерінің суреті қойылған кітаптарды да желіге жүктеп жіберді.

    Отандық әртістердің мектеп оқулығына шығуы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі бұл жайтты қолдап жатса, енді бірі оны үлкен қателікке балады.

    Ал кейбір оқырмандар аталмыш суреттердің фотошоптың арқасында жасалғанына кәміл сенімді екенін жеткізді.

    Айта кетейік, әншілер бейнеленген оқулықтардың шын мәнінде жарыққа шыққаны немесе шықпағаны жайлы әзірге нақты ақпарат жоқ.

    Айта кетейік, бұған дейін отау құрған Тәуекел Мүсілімді бір топ қалыңдық қоршап алғанын жазған болатынбыз.

    Сонымен қатар, Ерке Есмаханның қыс туралы жазбасы желіні шулатты.

    Төреғали Төреәлінің мектеп оқулығының мұқабасына шыққаны рас па (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.